Оқу әдістемелік жұмыс жоспары » Кішішыған мектебі
Жетісу облысы
Средняя школа №
"Кішішыған орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72774) 41-0-66
Бухгалтерия
+7(72774) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
02
сентябрь
2025

Оқу әдістемелік жұмыс жоспары

ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСҚА ТАЛДАУ БОЙЫНША АНЫҚТАМА
«Кішішыған орта мектебі мектебі » КММ
мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру  бойынша 2024-2025 оқу жылында білім сапасын көтеру мақсатында жүргізілген жұмыстар бойынша анықтамасы 
Күні: _ ____ 20___ жыл
Құрастырған:   директордың  әдістеме ісі жөніндегі орынбасары  А.Б.Илипова
Қарастырылған: Әдістемелік кеңес отырысында №5 хаттама ,      2025 ж.

          Илипова Алмагуль Бейсенгалиевна  – директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Санаты – педагог-зерттеуші. Педагогикалық өтілі – 33 жыл. Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары лауазымы бойынша  – 19 жыл .
           Мектепте 9 пән бірлестігі құрылған. Барлық бірлестіктің жылдық жұмыс жоспары, бірлестік отырыстарының жоспары, онда қаралған мәселелердің жинақ материалдары және хаттамалары толық жазылған. Әр тоқсан сайын өткізілетін бірлестік отырыстарында пән бойынша білім сапасы мониторингі жүргізіледі және алдынғы мониторингпен салыстырғанда оң не теріс нәтижелер атап өтіледі. 
  • Өткен жылғы атқарылған жұмыстардың сараптамасы; 2023-2024 оқу жылының оқу әдістемелік жұмысты талдауында бірыңғай әдістемелік қызметтің бағдарламасы формалары мен тиімділігі көрсетілген. Swot талдау жасалған. Swot талдауды басшылыққа алып, МІБ жоспары жасалған.  
Жылдық жұмыс жоспары, әр айға арналған әдістемелік жұмыстың жоспар – кестесі  жасалынғандығы анықталды, қағаз түріндегі нұсқада  жасалынып бекітілген. Білім сапасын көтеру мақсатында әр айға іс-шара жоспарланған, жинақ материалдары жүйеленген, мектепішілік бақылауда бар. 
2024-2025 оқу жылында  мектепте  34 сынып комплектісі жинақталған. 4-тоқсанды 0-11 сыныптар арасында   793 оқушы, оның 361-і қыз, 1-11  сыныптар арасында 728 оқушы, 333-і қыз баламен бастадық.  7 оқушы келді: 5 оқушы ауданнан,  1 оқушы ҚХР-нан, 1 оқушы Республикадан келді. 3 оқушы кетті: 2оқушы  ауданға, 1 оқушы Республикаға кетті. 
            4-тоқсанды 0-11  сыныптар арасында  797 оқушы, 362-і қыз. 1-11  сыныптар арасында   732 оқушы, 335 қыз баламен аяқтадық.  Даярлық сыныпта 65 оқушы. Үйден оқитын 7 оқушы, 7 оқушы бейімделген жалпы білім беру   бағдарламасымен оқиды.
11 сыныпта 36 оқушы, «Алтын белгіге» үміткерлер 4 оқушы: 
11 «А» Иманғазы Әсел, Байжұма Меруерт, Нұрмұхамет Диана 
11 «Ә» Әлім Шахризада
 «Лучший» аттестатқа үміткерлер 4 оқушы: 
11«А» сыныбынан: Жүнісқан Ақсана, Мұхитұлы Мақсат, 
11 «Ә» сыныбынан: Ибрагим Аяжан, Мұқатжан Ұлбосын. 
9- сыныпта 75 оқушы.  «Лучший» аттестатқа үміткер оқушылар сегіз оқушы. 
9 «А» сыныбынан: Әбдіқалық Айым, Темирханова Сафиназ.  
9 «Ә» Дәукен Алтынай, Таутесер Аяжан. 
9«Б» - Барат Әділет, Мұқатжан Мирас, Нұрәділ Даниал, Нұртілеу Айзере.
2024-2025 оқу жылының 1 - тоқсан бойынша білім сапасы 64,2%, қыздардың білім сапасы 77%-ды көрсетті, биылғы 2- тоқсан қорытындысы 63,4%,  қыздардың білім сапасы 75,5%-ды көрсетті, 3- тоқсан қорытындысы 64,8%,  қыздардың білім сапасы 75,8%-ды көрсетті. 4- тоқсан қорытындысы 64,6%,  қыздардың білім сапасы 76,9%-ды көрсетті 3- тоқсанмен  салыстырғанда 0,2%-ға төмендегені байқалды. 
    1-3-тоқсандағы  1-11 сыныптардың білім сапасының қорытындысы
Сынып2342-4567895-9101110-112-11
Барлық оқушы7073712147164876772361413475650
Сапа %
1-тоқсан
7165646767695961616265646464,2
Сапа %
2-тоқсан
6764636566625962616263646463,4
Сапа %
3-тоқсан
7167666866665962616362646364,8
Сапа %
4-тоқсан
6867676767665962626362636364,6
Білім   сапасының  салыстырмалы көрсеткіші
2-11 сынып1- тоқсан2- тоқсан3- тоқсан4- тоқсан
Оқушы саны 659650653655
Лучшийтер 139125144152
Озаттар 284287279271
Білім сапасы %64,263,464,864,6
 
1- 4 тоқсанның сыныптар бойынша білім сапасы мен үлгерімі
 Сынып2 «А»2 «Ә»2 «Б»3 «А»3 «Ә»3 «Б»4 «А»4 «Ә»4 «Б»
ЖетекшісіАукенова Н.ЖАлпысбаева Т.ЫМустапаева З.Жылқыбаева Г.ОНүсіпбекова А.СБимухаметова А.ЕАғыбаева А.ҚИбраимова А.ҚМолдагулова Б
1-тоқсан687372656565695866
2- тоқсан 686568656265655866
3- тоқсан726872686865656270
4- тоқсан686372686865656669
Айырма шылығы-4-500000+4-1
 
5-8   сыныптар
Сынып5 «А»5 «Ә»5«Б»6 «А»6 «Ә»6«Б»7«А»7 «Ә»7 «Б»8 «А»8 «Ә»8 «Б»
ЖетекшісіИбраимова Ж.ЕҚұрманбекова С.СИмамбекова Г.АНиетбаева К.БШапағатов С .ТИбраимкулова Н.ТАлаева А.ААбдрахманова О.АСадыкова Г.АСүлейманова Ш.АИсабекова Н.АӘлембек Жансая
1- тоқсан727259595269585563626457
2-тоқсан607066595276556063606660
3-тоқсан667062636272586060606562
4-тоқсан657066636172585860606561
Айырмашылығы -10+40-100-2000-1
 
9-11 сыныптар
Сынып9 «А»9 «Ә»9 «Б»10 «А»10 «Ә»11 «А»11 «Ә»
ЖетекшісіТишибаева Г.СНиетбаева Ғ.ББимурзанова К.БАктанова Ұ. ЕЖакаева ААнадуллаева Л. МНүсіпова Л.Т
1- тоқсан60606568626366
2-тоқсан62606063636168
3-тоқсан62596266576168
4-тоқсан62596266576562
Айырмаш/ғы 00000+4-6
 
1-4  тоқсан пәндер бойынша білім сапасы
ПәнҚазақ тілі Қазақ әдебиетіОрыс тілі Ағылшын тілі Қазақстан тарихыДүниежүзі тарихы География
1-тоқсан72747471677067
2-тоқсан73737372696968
3-тоқсан74717472697765
4-тоқсан74737372697066

 Пән МатематикаГеометрия Физика Информатика ХимияБиология 

1-тоқсан686668736766

2-тоқсан686568796666

3-тоқсан706668696667

4-тоқсан696669796568
















 
 
Жоғары   білім сапасын көрсеткен сыныптар
Сыныптар СыныпБілім сапасыСынып жетекшісі
2-42 «Б» 
4«Б»
72%
69%
Мустапаева З 
Молдагулова Б
5-96 «Б» 
5«Ә» 
72% 
70%
Ибраимкулова Н.Т 
Курманбекова С
Төмен   білім сапасын көрсеткен сыныптар:
Сыныптар Сынып Білім сапасыСынып жетекшісі
5-117 «А»
7 «Ә»
58%
58%
Алаева А.А
Абдрахманова О.А

10 «Ә» 57%Жакаева Айжан
Талдау кезінде анықталғаны: 
2024-2025 оқу жылындығы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білім сапасын көтеру жөніндегі аналитикалық талдау
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білім сапасына жүргізілген талдау «Заңғар» пән бірлестігінің жылдық жұмысы негізінде жасалды.
 Негізгі проблемалар мен себептер:
- Оқушылардың сөздік қорларының шектеулі болуы, көркем әдебиет оқуға қызығушылықтың төмендігі;
 -Жазба жұмыстарда грамматикалық қателердің көптеп кездесуі;
 -Оқу сауаттылығы, мәтінмен жұмыс істеу дағдылары жеткіліксіз;
 -Онлайн платформа мен цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану деңгейінің төмендігі;
 -Кейбір сыныптарда ата-аналар тарапынан бақылаудың әлсіздігі.

 Атқарылған жұмыс түрлері:
-Ашық сабақтар, пән апталықтары, сайыстар ұйымдастырылды;
 -Дарынды оқушылармен жекелеген жұмыстар жүргізілді (шығарма, эссе, көркем оқу);
 -ЕНТ, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларына бағытталған дайындықтар жасалды;
 -Мектеп кітапханасымен бірлесе отырып, оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі таратылды;
 -Оқу сауаттылығын дамыту мақсатында PISA, PIRLS форматындағы тапсырмалар қолданылды.

 Преподавателидің кәсіби дамуы
Преподаватели түрлі деңгейдегі курстар мен вебинарларға қатысты;
 Оқу бағдарламасы бойынша  апталық кезінде әдістемелік семинарлар өтті.

 Алдағы оқу жылына ұсыныстар мен жоспарлар:
Жазғы кезеңде оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру үшін"Оқимыз – ойлаймыз – дамимыз!" жобасын іске қосу;
 -5–9 сынып оқушыларына арналған "Шығармашылық клуб" жұмысын ұйымдастыру;
 -Қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс жүйесін жетілдіру;
 -Әдеби кейіпкерлерге арналған театралды қойылымдар өткізу;
 -Сабаққа цифрлық ресурстар мен ойын элементтерін енгізу (Kahoot, Quizizz, Wordwall т.б.).

Бірлестік тарапынан атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді. Дегенмен, оқу сауаттылығын жетілдіру, шығармашылық бағыттағы жұмыстарды күшейту, цифрлық ресурстарды пайдалану сияқты бағыттарда әлі де жүйелі жұмысты қажет етеді. Жоғары нәтижеге жету үшін оқушы – мұғалім – ата-ана үштігі арасындағы тығыз байланыс басты назарда болуы тиіс.
Ағылшын тілі пәні бойынша білім сапасын көтеру жұмыстарына жүргізілген аналитикалық талдау
Ағылшын тілі пәні бойынша білім сапасын арттыру мақсатында жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижелері негізінде аналитикалық талдау жасалды. Бұл талдау пән бойынша оқу үдерісінің тиімділігін, оқушылардың білім деңгейін, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, сондай-ақ білім сапасына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды кешенді түрде зерттеу арқылы жүзеге асырылды.
Аналитикалық талдау барысында қамтылған негізгі бағыттар:
  • Оқушылардың үлгерім көрсеткіштері мен оқу нәтижелері;
  • Қолданылып жүрген оқыту әдістерінің тиімділігі;
  • Преподавателидің кәсіби даярлығы мен әдістемелік құзыреттілігі;
  • Пән бойынша білім беру мазмұнының жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкестігі;
  • Тілдік ортаның қалыптасу деңгейі және қосымша білім беру мүмкіндіктері (үйірмелер, олимпиадалар, онлайн ресурстар);
Талдау қорытындысы бойынша ұсыныстар:
  • Саралап оқыту әдістерін кеңінен қолдану;
  • Оқытудың коммуникативтік тәсілдерін енгізу;
  • Заманауи цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану;
  • Преподавателидің кәсіби дамуын жүйелі түрде ұйымдастыру;
  • Оқушылардың практикалық тілдік дағдыларын дамыту бағытындағы жұмыстарды күшейту.
Жүргізілген аналитикалық талдау білім сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды негіздеуге, педагогикалық үдерісті тиімді басқаруға және пән бойынша оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Тілдік, интеллектуалдық, апталық, декадалардың жүргізілуі туралы. 2024-2025 оку жылында 1 тоқсан да «Тіл мерекесіне» арналған іс -шара бойынша жұмыс жүргізді. 
19.09.2024 жылы Тілдер апталығында Funny English 7 сыныптар арасында  сайыс өткізілді.The intellectual game «Funny English»
Сабақтың  мақсаты: Oқушылардың пәндерге қызығушылықтарын оята отырып логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, зейінді болуға тәрбиелеу. Ана тілін  құрметтеп, өзге тілді үйренуге баулу.  
   19.09.2024 жылы “Жетісу облысы ББ Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі” “Кішішыған орта мектебі’ КММ “Тіл достық айғағы’”атты  Қазақстан Халықтарының  Тілдер он күндігінде ағылшын пәні мұғалімі Әлембек Ж 7 сыныптар арасында “Funny English”сынып арасында топтық саайыс өткізілді .Сайыс мақсаты оқушылардың ой танымын арттыру,пәнге қызығушылығын арттыру   , өзге тілді үйрену керек екенін түсігдіру ,оқуға ынтасын арттыру.Өз ана тілімізді құрметтеп өзге тілді үйренуге баулу. 
 
05.12.2024 жылы 3б сынып оқушыларымен ағылшын тілі пәнінен  Әлімбек Жансая  «Weather and clothers» Clothes I wear.тақырыбында үлгі сабақ өтті.Сабақтың мақсаты :Ауа-райы  және жыл мезгілдеріне жыл мезгіліне сай киім түрлерін білу және жыл мезгіліне сай сөздерді,киімдерді жаттату және уйрету .Балаларға киім туралы   ауа райы туралы әңгімелесуге үйрету. Сөздік қорларын молайту .Сыни тұрғыдан ойлану арқылы тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың есте сақтау ,айтылым мен жазылым  дағдыларын қалыптастыру.
1 Greeting (Сәлемдесу)
2 Warm up “Back tracing”
3 Introducing a new theme 
 4  Pair work
Сабақ барысында ауа райы және ауа райына байланысты киім түрлерін оқушылар ән түрінде Get Dressed for the Day Song / the Singing Walrus әнін айтып жаттап үйренді. Сабақ  барысында қолданылған әдістер   :«Puzzle» сәйкестендіру және «Yes or No»  сұрақ жауап әдісі шаттық шеңбері және сергіту жаттығуы орындалды. Сабақта әр түрлі көрнекіліктер және жұптық тапсырмалар орындалды
05.01.2025  ағылшын тілі мұғалімі Әлембек Жансая - II  тоқсан қысқы демалыс кезінде 8б сынып ағылшын тілінен үйірме жұмысы жүргізілді
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Еліміздің шет елдермен қарым – қатынасымыз күшейіп отырған кезде балалардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.
   Үйірменің мақсаты : Балалардың шет тіліне қызығушылығын оятқан кезде ғана кез келген жетістіктерге жетуге болады, яғни оқытудың ең бастысы әр түрлі заманауи дидактикалық ойын арқылы балалардың тілге деген құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру. Бұл дегеніміз қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
  
02 желтоқсан 3  «A» сыныбында пән мұғалімі Мелдеш Б.Ғ.«Seasons and Weather » тақырыбында үлгі сабақ өтті.Сабақтың мақсаты: оқушыларға мәтінді оқыту, ауа - райы және мезгілдер туралы түсінік беру.Қысқа мәтіндегі негізгі ойды табу,түсіну,сөздерді дұрыс айту.
Сабақ барысында оқушылар жылдың төрт мезгілі туралы қысқа мәтінді оқып,ауа – райына байланысты “Rain,rain go away!” өлең жолдарын айтты.
Күтілетін нәтижелер:“ Seasons and Weather ” берілген тақырып бойынша оқып,сөздерді дұрыс айта алады.Сабақта Pre-reading, While reading, Post reading кезеңдерінде тапсырмалар орындалды. «Magic box», «Puzzle» әдістері қолданылды. Сабақ соңында бағалау парағы бойынша оқушылар өздерін бағалады.   
Аудандық "Зерде"  ғылыми жобалар байқауында 6"Б" сынып оқушысы Тоқбай Айша "Жасанды интелект-ағылшын тілін үйренудің заманауи тиімді жолы" тақырыбында жұмысы үшін 3-орынға ие болды. 
    Пән мұғалімі Ғ.Б.Ниетбаева 6 сыныптарда ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру және тыңдалым дағдысын дамыту мақсатында, сабақтан тыс кезде "Rio 2"  мультфильмын ағылшын тілінде көрсетті. 
  
«Кішішыған орта мектебі» коммуналдық мекемесінде  ағылшын тілі пәні мұғалімдері Исабекова Н.А, Болысбек Шоқан   «Заманауи мұғалім» тақырыбында коучинг өтті. 
Коучинг мақсаты: мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамыту, жаңа педагогикалық әдістер, ЖИ жұмыс жасауды үйрету, оқыту процесін жетілдіру. Міндеттері: мұғалімдерге өз білімдерін жаңарту және жетілдіру мүмкіндіктерін ұсыну; топтық жұмыстар арқылы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамыту. 
Оқу нәтижелері: Преподаватели ЖИ, платформалармен танысады, олармен жүйелі жұмыс жүргізуді ұйымдастырады, сабақ  барысында ЖИ, платформалар арқылы берілетін тапсырмаларды ойластырады, орындайды, дамыту  жұмыстарын саралайды. 
Түйінді идеялар:  ЖИ, платформалардың ерекшеліктерін айқындап, олармен жүйелі жұмыс жүргізе отырып, табысты оқытуға қол жеткізу.
    Коучинг барысында мұғалімдер психологиялық ахуалды қалыптастыруда өлең жолдарын қимылмен көрсете отырып амандасты. Миға шабуыл ретінде «4 балауыз шам»бейнеролигі көрсетілді, «Қар кескіні» ойыны ойнатылып,     «Коллаж» әдісі арқылы тақырыпты ашты. Заманауи мұғалім қандай болу ЖИ туралы мәлімет алып, joyteka, kahoot, emaze, gamma ai.  Тағы басқа платформалармен танысып қана қоймай, тапсырмалар да орындады. Коучинг соңында қатысушылар  www.menti.com    арқылы кері байланыс берді.              
 
https://www.facebook.com/share/1CwtXW8q3e/?mibextid=wwXIfr  әлеуметтік желіге жарияланды.
20.01- 24.01.2025 жыл   аралығында   ағылшын тілі апталығы болып өтті. Апталық іс – шарасында үлгі сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілді. Пән мұғалімі Н.А.Исабекова 21қаңтар 9 «Б» сыныбында «The best libraries in the world» тақырыбында үлгі сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оқушыларға мәтінді оқыту, әлемдегі ең танымал кітапханалар, соның бірі АҚШтағы   “The Library of Congress” туралы түсінік беру,   берілген тұжырымдарды мәтіндегі фактімен салыстыру.
        Күтілетін нәтижелер:«The best libraries in the world»тақырыбы бойынша белсенді  сөздерді біледі,берілген тақырып    
       бойынша оқып-үйренген  лексика- грамматикалық  материалды сөйленім құрастыруда қолданады, танымал кітапханалар      
       және олардың қызметі жайлы айта біледі. Сабақта Pre-reading, While reading, Post reading кезеңдерінде  тапсырмалар     
       орындалды. «Entrance and exit ticket», «Quizziz» әдістері қолданылды. Сабақ соңында бағалау парағы бойынша 
       оқушылар өздерін бағалады. Сабақ  facebook парақшасына жарияланды
https://www.facebook.com/share/v/15d71YL3XU/?mibextid=wwXIfr
 
23.01.2025 күні ағылшын тілі мұғалімі Болысбек Шокан “Teen’s problems” тақырыбында 10ә сыныбымен үлгі сабағын өткізді.Сабақтың мақсаты “10.4.1-understand main points in   extended texts on a wide range of unfamiliar general and curricular topics;10.3.2.1 - ask and respond to complex questions to get information about  a wide range of general and curricular topics;” Ол сабақты жүйелі өтті. Сабақта оқылым,айтылым,жазылым дағдылары қамтылды.Оқушылар сабаққа белсене қатысты. АКТ-ны тиімді пайдаланып, “Wordwall”, “Blooket” оқыту платформаларын қолданды.Обратная связьқа “Mentimetеr” платформасын қолданды.
  
  23 қаңтар күні 3 «Б» сыныбында ағылшын тілі пәнінен пән мұғалімі Әлембек Жансая Айтбекқызы «Best Friends. My Toys and Sports I Like» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға ойыншықтар мен спорт түрлеріне байланысты жаңа сөздерді меңгерту, has got/have got құрылымдарын қолдануды үйрету, сондай-ақ a, an, the артикльдерін дұрыс қолдануға жаттықтыру.
Сабақ психологиялық ахуал қалыптастырудан басталды. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабаққа дайындықтарын білдірді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы бейнематериал негізінде жаңа сөздерді анықтап, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындады.Сабақ барысында жасанды интеллект қолданылып жұптық, топтық және жеке жұмыстар орындалды. Оқушылар интерактивті әдістер арқылы жаңа сөздерді меңгерді, «Тыңда, көрсет және айт» ойынын ойнады, ал «Сәйкестендіру» тапсырмасында ойыншықтар мен спорт түрлерін дұрыс анықтады. Топтық оқу барысында оқушылар Toys and Sports Around the World мәтінін тыңдап, негізгі ақпаратты тауып, сұрақтарға жауап берді.Грамматикалық бөлімде оқушылар a, an, the артикльдерін дұрыс қолдануды үйренді. Сабақта Baamboozle.com платформасы арқылы интерактивті тапсырмалар орындалды.Сабақ соңында оқушылар жұптық жұмыс жасап, диалог құру арқылы has got/have got құрылымын қолдануды пысықтады. «Magic Box», «Puzzle» әдістері қолданылып, оқушылардың қызығушылығы артты.Сабақ соңында «Weather Emoticons» сандық әдісі кері байланыс әдісі қолданылып, оқушылар сабақтың ұнағанын және материалды жақсы түсінгендерін білдірді.Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Сабақ мақсаты толық орындалды.
  
  
23.01.2025 күні ағылшын тілі мұғалімі Шапагатов Самат Талапканович“Teen’s problems” тақырыбында 10 а сыныбымен сабақтан тыс іс шара өткізді.Іс шараның м мақсаты “Оқушылардың ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін ары қарай дамытып олардың ағылшын тілінде қаншалықты еркін сөйлейтінін анықтап ары қарай сөздік қорын дамыту ;”   сайыс жүйелі өтті. Сабақта оқылым,айтылым,жазылым дағдылары қамтылды.Оқушылар сабаққа белсене қатысты. АКТ-ны тиімді пайдаланып, Сайыс сабақ өте қызықты өтіліп жүлделі орын алған оқушылар марапаттармен мадақталынды.
  
 
22 қаңтар күні 4 «A» сыныбында пән мұғалімі Мелдеш Б.Ғ. «Weather» тақырыбында үлгі сабақ өтті.Сабақтың мақсаты: оқушыларға мәтінді оқыту, ауа – райына байланысты жаңа сөздерді меңгерту,қарапайым сөйлемдер құрастыру. Қысқа мәтіндегі негізгі ойды табу,түсіну,сөздерді дұрыс айту.
Cабақ психологиялық ахуал арқылы басталып ,оқушылардың көңіл – күйі анықталды,оқушылар бір – біріне жақсы тілектерін айтты.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы берілген сұрақтарға жауап беріп,сабақтың тақырыбы және мақсатын оқушылар анықтады.
Жұптық,топтық,жеке жұмыстар орындалды,оқушылар тақырыпты толық меңгеріп,Флешкартамен жауап берді.
Сабақ барысында оқушылар қысқа мәтінді оқып,ауа – райына байланысты “What is the weather like!” өлең жолдарын айтты.Сабақ барысында «Wordwall» платформасы қолданылып,смарт тақта тиімді пайдаланылды.
Күтілетін нәтижелер:“ Weather ” берілген тақырып бойынша шағын мәтінді оқып,сөздерді дұрыс айта алады.Сабақта Pre-reading, While reading, Post reading кезеңдерінде тапсырмалар орындалды. «Magic box», «Puzzle» , «Umbrella» әдістері қолданылды. Сабақ соңында  «Ұлттық құндылықты» дәріптеу мақсатында бағалау парағы қолданылып оқушылар бағаланды.Обратная связьқа «Weather emoticons» әдісі қолданылды. Оқушылар сабаққа қызығып,сабақты жақсы түсіндік деген кері байланыс жасады
  
 
24.01.2025 жылы ағылшын тілі мұғалімі Бегімбекова Жұлдыз  5"А" сыныбына үлгі сабақ өтті . Сабақ тақырыбы: Musical instruments .
Сабақ мақсаты:  музыкалық аспаптар туралы жаңа сөздер үйрену.Қысқа мәтіндегі негізгі ойды табу,түсіну,сөздерді дұрыс айту.
Үлгі сабақты бастамас бұрын оқушыларға бағалу түрі түсіндірілді. Багалау "English bank" әдісі арқылы бағаланды. Сабақ барысында музыкалық аспаптар жайлы жаңа сөздер өтілді.  Өтілген жаңа сөздербойынша " What musical instruments is this?"  атты ойын ойнатты.
Оқушылар мәтінді оқып, аударып , музыкалық стиль жайлы білді. Келесі тапсырмажұптық жұмыс ретінде  "True or false" әдісі қолданылды , оқушылар белсене қатысты. Өздік жұмыс "Crossword" әдісімен оқулырды қызықтырды.
"Classroomscreen" платформасы арқылыкері байланыс алынып , жақсы көңіл күйде сабақ аякталды.
  
Пән мұғалімі Н.А. Исабекова  8 сынып оқушыларына әр аптаның бейсенбі күні «Cognitive English»  ақысыз ағылшын тілі үйірмесі жүргізілді.Қатысушылармен төмендегі тақырыптар бойынша сабақтар өткізілді:
  1. Clothing Қатысушылар күнделікті киім атауларын, олардың сипаттамаларын үйреніп, диалог құру арқылы тәжірибе жасады.
  2. Travel 
     Саяхаттау кезінде қолданылатын сөз тіркестері мен сөйлем үлгілері қарастырылып, әуежай, қонақүй, жол жүру жағдайларына байланысты  
  3. PossessiveCase 
     Ағылшын тіліндегі иелік формалар (my, your, John’s book, etc.) түсіндіріліп, практикалық тапсырмалар арқылы бекітілді.
  4. Appearance.DescribingPeople 
     Адамның бойы, шашы, көзі, киімі және мінезі туралы сөйлем құрастыру дағдылары дамытылды.
  5. Adjectives and Adverbs. Degrees of Comparison 
     Сын есім мен үстеулердің бастапқы, салыстырмалы және күшейтпелі түрлері меңгерілді (fast – faster – the fastest).
  6. Sights of London 
     Лондон қаласының көрікті жерлері (Big Ben, London Eye, Tower Bridge, т.б.) туралы мәтіндер оқылып, аударма жұмыстары жүргізілді.
  7. Prepositions and Conjunctions. Revision (Болыстар мен жалғаулықтарҚайталау)
     Негізгі болыстар мен жалғаулықтар қайталанып, грамматикалық жаттығулар орындалды.
Сабақтар аптасына 1 рет өткізіліп отырды. Әр сабақта теориялық материалмен қатар, практикалық жұмыстарға басымдық берілді. Қатысушылар өз білімдерін дамытып, сөздік қорларын кеңейтті.
«Атамекен» тарих  пән бірлестігінің жұмыстарына аналитаклық  талдау анықтамасы 
Тарих  пәні бойынша білім сапасын арттыру мақсатында жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижелері негізінде аналитикалық талдау жасалды. Бұл талдау пән бойынша оқу үдерісінің тиімділігін, оқушылардың білім деңгейін, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, сондай-ақ білім сапасына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды кешенді түрде зерттеу арқылы жүзеге асырылады.
р/сПреподавателидің аты-жөніБіліміЕңбекөтіліБіліктіліксанаты
1Ниетбаева Кульбаршин Батырхановнажоғары21 жылпедагог-сарапшы
          2020 
2Анадуллаева Луиза Муратовнажоғары18 жылпедагог-сарапшы 
2020ж
3Бимурзанова Кулгайша Бейсембековнажоғары14жылпедагог -сарапшы 
2024 ж растады
4Джанаева Гульнар Исаевнажоғары 18педагог 
2024-2025оқу  жылындағы жүргізілген жұмыстар:
Бірлестіктің 2024-2025 оқу жылына  арналған жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді.Әдістемелік нұсқау хат негізінде күнтізбелік жоспар жасалды 
Тарих пәні бойынша алынған нөлдік бақылау жұмысының  нәтижелері, 5-11 сыныптар арасында олимпиадалардың мектепішілік кезеңін ұйымдастыру және өткізу,  9 және 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестацияға дайындау жұмыстары туралы мұғалімдердің есебіне талдау жасалды  
 Тарих  сабақтарында   оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды. 
Тарих пәні бойынша оқушылардың білім сапасын көтеруге бағытталған мұғалімдерің іс-тәжірибесі зерделеніп, оқушылармен жұмыс істеу барысында  заманауи  әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану  жұмыстарының   қорытындысы шығарылды
Талдау барысында қамтылған негізгі бағыттар:
•           Оқушылардың үлгерім көрсеткіштері мен оқу нәтижелері;
•           Қолданылып жүрген оқыту әдістерінің тиімділігі;
•           Преподавателидің кәсіби даярлығы мен әдістемелік құзыреттілігі;
•           Пән бойынша білім беру мазмұнының жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкестігі;
Талдау қорытындысы бойынша ұсыныстар:
•           Заманауи цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану;
•           Преподавателидің кәсіби дамуын жүйелі түрде ұйымдастыру;
Жүргізілген талдау нәтижелері білім сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды негіздеуге және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді 
Аты -жөні сыныптар 1 тоқсан 2 тоқсан3 тоқсан4 тоқсан 
1Ниетбаева Кульбаршин Батырхановна6а, 6ә , 7а, 7ә , 10а,  11ә 67,368,870,870,8
2Анадуллаева Луиза Муратовна6б, 8а, 8б , 9а,  11а 66,167,368,870
3Бимурзанова Кулгайша Бейсембековна5а, 8ә, 9б ,9ә 10ә68,967,568,469,8
4Джанаева Гульнар Исаевна5ә,5б, 7б66,666,66969
2024-2025 оқу жылындағы жүргізілген жұмыстар нәтижесін негізге ала  отырып, қорытынды жасауға болады:
Преподаватели мен оқушылар ұжымының жұмысында өткен жылмен салыстырғанда білім сапасының айтарлықтай артуы байқалады
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстар жүргізіліп жақсы   нәтиже байқалды 
Дарынды оқушылармен  жұмыстар  жүргізіліп, оқушылар облыстық олимпиада жүлдегерлері атанды.
2025-2026 оқу жылының мақсаты мен міндеттері:
  • Білім сапасын арттыру;
  • Заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізу;
  • Дарынды оқушылармен жұмысты жалғастыру; 
  • Үлгерімі төмен оқушылармен оқлқылықтарды толтыру;
  • Тарих пәні бойынша оқушылар мен мұғалімдерге арналған  олимпиадаларға белсенді және нәтижелі қатысу;
  • Алдағы уақытта оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында жеке, қосымша жұмыстар жүргізіп және жүргізілген жұмыстардың нәтижесін бақылау, талдау.
Математика пәні бойынша білім сапасын көтеру жұмыстарына жүргізілген аналитикалық талдау
Математика пәні бойынша аналитикалық талдау оқушылардың білім сапасын, оқу жетістіктерін, оқу процесіндегі кемшіліктер мен жетістіктерді жүйелі түрде зерттеп, нақты қорытындылар мен ұсыныстар беруге бағытталған маңызды құжат. Төменде аналитикалық талдаудың құрылымына сәйкес мысал келтіріледі:
Оқу мақсаты мен міндеттері
  • Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру;
  • Теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру;
  • Логикалық ойлау, есеп шығару дағдыларын дамыту;
  • ЕНТ, ОЖСБ, БЖБ, ТЖБ нәтижелерін жақсарту.
р/сМұғалімнің 
аты -жөні
Санаты Еңбек өтілі
1Т.Ш.ШалимбаеваПедагог-зерттеуші27 жыл
2У.И. Актанова     Педагог-сарапшы24 жыл 
3А.БайгалийПедагог2
4Ә.М.Дүйсенқожа Педагог 1
Тамыз айының  айының соңғы аптасында бірлестік отырысы болды. Жылдық жоспарды бекіту. Факультатив   және үйірме, үйден оқыту жұмысының жоспарларын бекіту.Білім олқылықтарының орнын толықтыру және үлгерімі төмен оқушылардың жұмыс жоспарын бекіту
Оқу бағдарламасына сәйкес құжаттарын реттеу және оқу орынбасарына тексертіп, КТЖларын мектеп директорына бекіту қаралды. 
            Қыркүйек айында оқушылардан 0-дік срез алынып, қорытынды анықтамасы өткізілді.
Қараша айында І тоқсан қорытындысын бірлестік мұғалімдері пән бойынша білім сапалары туралы және жазба жұмыстары жөнінде есебін берді.Қосымша білім беру аясында үйірме жұмысының есебі
 ӘБ  «Зерде» пән апталығының жоспарын жасау, бекітуге ұсынылды
Пән бірлестігінің оқу-тәрбие жұмысындағы алға қойған проблемасы –әртүрлі адами іс-әрекеттер саласында кездесетін кең ауқымды өмірлік есептерді шешу үшін білім мен біліктерді пайдалану дағдыларын кеңейту, ақпараттық сауаттылық деңгейін көтеру. 
 11-сынып оқушыларын ЕНТ-ге дайындық жұмыстарын математика пәнінен Актанова Ұ.И, Шалимбаева Т.Ш жүргізді. 
Математика пәнінің мұғалімі Т.Ш. Шалимбаеваның атқарылған жұмыстарының нәтижелері:
18.09.2024жылы «Жетісу облысы ББ Панфилов ауданы бойынша  білім бөлімі» ММ «Кішішыған орта мектебі»  КММ-де  «Тіл – достықтың айғағы» атты Қазақстан Халықтарының Тілдер онкүндігінде математика пәні мұғалімі Т.Ш. Шалимбаева 6- сыныптар арасында «Жүйрік болсаң озып көр...» математикалық сайыс сабағын  оқушылардың ой-танымын арттыру, пікір ұстанымын қалыптастыру. пәнге қызығушылығын, оқуға ынтасын арттыру, математика пәнінен алған білімдерін тереңдету, функционалдық білімдерін арттыру өз ойларын және пікірлерін ашық білдіруге тәрбиелеу мақсатында өткізді. 
 Ютуб каналыма http://www.youtube.com/@tolkynshalimbaeva9127 
және   мектептің фейзбугына  https://www.facebook.com/share/v/a9dupdHUJNrgEAA3/?mibextid=WC7FNe жарияланды.
 
 
2024-2025 оқу жылында «Зерде» пән бірлестігінің апталығында математика пәнінің мұғалімі Шалимбаева Толқын Зерде пән бірлестігі өткізген пән апталығында 21.11.24ж 6 «Б» сыныбында «Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану» тақырыбында үлгі сабақ өтті. Мақсаты: 6.1.2.22 Рационал сандармен арифметикалық амалдарды орындау. 
Сабақта оқушылар: -Рационал сандарды қосуды меңгереді; - Рационал сандарды азайтуды меңгереді;- Рационал сандармен арифметикалық амалдарды орындайды;Сабақта сыныптағы  әр оқушыларға сабақ барысында берілетін тапсырмалардың қалыптастырушы бағалау парағы беріліп отырды. Школьникам  «ZipGrede» әдісімен тест тапсырмалары берілді. «Миға шабуыл» стратегиясы, «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі қолданылды. 
Математика пәнінің мұғалімі У.И.Актанованың атқарылған жұмыстарының нәтижелері:
8«Ә» сыныбымен 21.11.2024жылы  «Пифагор теоремасы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Пифагор теоремасын біледі;Пифагор теоремасын дәлелдейді;Пифагор теоремасын қолданып есептер шығарады.
Математика пәнінің мұғалімі Ә.М. Дүйсенқожаның атқарылған жұмыстарының нәтижелері:
Аудандық «математикалық регата» аудан математика мұғалімдері арасында өткен олимпиадасында 2 орынды иеленді.  8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында құрмет грамотасымен марапатталды.
2024-2025 оқу жылында «Зерде» пән бірлестігінің апталығында математика  пәнінің мұғалімі  Дүйсенқожа Әсел  20.11.2024ж    қосындысы тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің формуласы мен қасиеттерін білу.
Математика пәнінің мұғалімі А.Байгалийдың атқарылған жұмыстардың нәтижелері:
Қазақстанның ауыл мектептерінің 8-сынып оқушыларын ағымдағы оқу жылы IQanat олимпиадасына 8 «Ә» сынып оқушылары: Жақсылық Абай, Исламғазы Айзере,Нұрдәулет Қарақат,Тәлімжанов Санжар, Тұрғанғазы Нұрай .Тұрсынғалиұлы Бекнұр тіркелді. 31.10.2024 қазанның Үлкеншыған орта мектебінде өтіледі.5-6сынып арасынан   мектепшілік “Алтын сақа ”олимпиадасы өтілді.Жамыхан Алина,Әуелхан Жания ауданға өтті .08.11. аудандық олимпиада болады.
Жас мамандар семинарға барып 07.01.2025ж.Семинар жас мамандар арасында жарыс түрінде болды 1дәрежелі диплом алдық командамен. 
2024-2025 оқу жылында «Зерде» пән бірлестігінің апталығында математика  пәнінің мұғалімі Байғалий Амангуль  5 сыныпқа    «Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Аралас сандарды қоса алады және азайта алады. Натурал саннан аралас сандарды азайта алады;

 
2024-2025 оқу жылындығы химия, биология, география пәні бойынша білім сапасын көтеру жөніндегі аналитикалық талдау
  1. Оқу бағдарламасының орындалуы
Химия, биология, география  пәндері   бойынша бағдарлама толық көлемде орындалды 
Теория мен практиканың арақатынасы сақталған.
Тәжірибелік жұмыстар мен зертханалық жұмыстар жүйелі өтті. 
Биологиялық зерттеулер мен тәжірибелер орындалды.
Географияның картамен жұмыс істеу дағдылары дамытылды
     2. Атқарылған жұмыс түрлері:
-Ашық сабақтар, пән апталықтары, сайыстар ұйымдастырылды;
 -Дарынды оқушылармен жекелеген жұмыстар жүргізілді 
-ЕНТ, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларына бағытталған дайындықтар жасалды;
 -Оқу сауаттылығын дамыту мақсатында PISA, форматындағы тапсырмалар қолданылды.
      3.  Преподавателидің кәсіби дамуы
Преподаватели түрлі деңгейдегі курстар мен вебинарларға қатысты;
 Оқу бағдарламасы бойынша  апталық кезінде әдістемелік семинарлар өтті.Оқытуда заманауи әдістер қолданылдыБЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша сараптама жасалды.Дарынды оқушылармен, артта қалған оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді.Интерактивті әдістер (Padlet, Quizlet, Google Classroom) қолданылды. Google Earth, ArcGIS сияқты цифрлық құралдар қолданылдыҚашықтықтан оқыту жағдайында бейне сабақтар мен вебинарлар ұйымдастырылды.
  

 
Әдістемелік кеңестерде, оқыту семинарларында оқушылардың білім сапасын көтеру бойынша  келесі мәселелер қаралды : «Мектепте цифрлық сауаттылықты дамыту» , «Lesson Study» тәсілі арқылы білім сапасын арттыру жолдары», «Информатика сабағында формативті бағалау жұмысының жүргізілуі» , «Жаңа технологиялар негізінде оқушылардың   шығармашылық қабілеттерін дамыту, «Тәлімгерлердің жас мамандармен жүргізген жұмыстарын талдау»  «Цифрлық ұстаз» жобасы  бойынша мониторинг жұмыстарымен таныстыру, «Орыс тілі сабақтарындағы  тиімді кері байланыс – мұғалім жетістігі»   , «Тарих сабақтарында оқушылардың зерттеушілік, ізденушілікке бағытталаған тапсырмалардың сабақтағы көрінісі» ,   «Бастауыш сыныптарда дыбыс үндестіктерін оқытудағы қиындықтар және оларды шешу жолдары» , «География сабағында PISA тапсырмаларын орындау» ,«БЖБ,ТЖБ     тапсырмаларын әзірлеуде сараптама жасай алудың тиімділігі»     тақырыптарында зерттеуші және сарапшы санатындағы мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен бөліскен. 
Сондай-ақ , әдістемелік кеңесте әр пәннің сапасы анықталып, олқылықтардың орнын толтыру барысында жұмыстар атқарылды. Мысалы: Қазақстан тарихы пәнінен қиындық туғызған тақырыптар анықталып, пән мұғалімі сапаны көтеруде жеке оқушылармен жұмыс жасап, нәтижесінде оқушысы облыстық олимпиадада жүлделі орын алды.
  • Преподавателиінің аттестациядан өту кестесі, жылдық және кешенді жоспары жасалынғандығы анықталды. Мектепте 71 мұғалім бар, олардың 8-і педагог-зерттеуші,  21-і педагог-сарапшы, 24-і педагог-модератор, 18-і педагог.
  • Преподавателидің білімін жетілдірудің кешенді жоспары, бірлестік мұғалімдерінің өз білімін жетілдіруі жинақталған, жүйеленген. Преподавателидің біліктілікті арттыру курстарында жүйелі түрде оқытылуы, олардың семинарларға, ғылыми-теориалық және әдістемелік конференциялар, педагогикалық оқуларға қатысуы өз бетінше білім алуы, шығармашылық есептер және бір–бірімен іс-тәжірибе алмасу педагогтардың кәсіби шеберлігін айтарлықтай көтеруге жағдай жасайды, бұл түп қорытындысында оқушыларды оқыту сапасына әсерін тигізетіндігі белгілі. Сол себепті педагогтардың кәсіби шеберлігін көтеру мақсатында семинарларға, ғылыми-теориалық және әдістемелік конференциялар, педагогикалық оқуларға қатысу керектігі ұсыныс ретінде айтылды.
  • Бақылау жұмыстарын өткізу, әкімшілік тарапынан тоқсанда өткізілетін бақылау жұмыстарының және мұғалімдердің ашық сабақтарының кестесі; ағымдағы оқу жылының бастапқы бақылау жұмыстары алынған, талдауы толық жасалынғандығы анықталды. Ашық сабақтар кестесі көрсетілген. 
  • Сауалнама, сабақтарды талдау бойынша ағымдағы оқу жылының басымдықтарын анықтау бағытында сауалнама, талдау жұмыстары жүргізілген. Өзара сабаққа қатысу журналдары бар екендігі анықталды.
  • Жас маман мен тәлімгерлік жұмыстар бойынша  жұмыс жоспары, жылдық жұмыс жоспарлары   жасалынған, бекітілген. 
  • Пән апталығын (онкүндік, айлығы) өткізу жоспары, әдістемелік материалдары  жасалынған, қағаз нұсқада көрсетілген. 
  • Озат тәжірибелі мұғалімдерді анықтау және олардың тәжірибесін зерттеу, жинақтау және таратуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жасалынғандығы анықталды.
Әдістемелік кеңес хаттамасы кітабында 2024-2025 оқу  жылына жоспарланған барлық әдістемелік кеңес хаттамалары жазылған. Әдістемелік пәндер бойынша құжаттары жүйелі жинақталған. Пән бірлестіктері бойынша педагогтердің атқарылатын жұмыс жоспары, педагогтің лауазымдық міндеті бойынша жүйелі бөлініп анықталған. 
Ұсыныстар:
  1. Барлық пән бойынша интерактивті және сандық ресурстарды арттыру.
  2. Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жүйелеу.
  3. Зертханалық және тәжірибелік жұмыстардың үлесін көбейту.
  4. Пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру курстарына қатысуын қамтамасыз ету.
  5.  Білім сапасы бойнша төмен көрсеткен  сыныптармен жүйелі жұмыс жүргізіп, мектепішілік бақылауға қою.
  6. Оқушыға сапалы, тиянақты білім беріп, білімді тексерудің сан алуан түрлерін қолдана отырып білім сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізу.
Қорытынды:
Мектептің әдістемелік жұмысы жалпы алғанда жүйелі түрде жүргізіледі. Преподавателидің кәсіби шеберлігін арттыру бағытында оң өзгерістер байқалады. Кемшіліктер бойынша нақты шаралар жоспарланған.
Құрастырған:               Илипова А.Б.   директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары