АӘД және дене шынықтыру пәндері бірлестігі » Кішішыған мектебі
Жетісу облысы
Средняя школа №
"Кішішыған орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72774) 41-0-66
Бухгалтерия
+7(72774) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » АӘД және дене шынықтыру пәндері бірлестігі
30
май
2025

АӘД және дене шынықтыру пәндері бірлестігі

"Кішішыған орта мектебі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі

АӘД және дене шынықтыру пәндері бірлестігінің 2024-2025 оқу жылының  жылдық есебі

Әдістемелік бірлестіктің өзекті мәселесі:
Оқу – тәрбие үрдісінің сапасын арттыру және оқытудың білім беру технологияларын жүзеге асыру.


·Міндеті:Дене шынықтыру және спорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту;

·Өзін дене және психикалық денсаулығын нығайту үшін, ұмтылуға ынталандыру;

·Білім алушылардың төзімділікке, ширақтыққа, күштілікке,ептілікке және икемділікке ықпал ететін қозғалыс дағдыларын дамыту;

·Отанға деген патриоттық сезімін құрметтеуге жауапкершілкпен өзара түсіністікке тәрбиелеу;

·Білім алушылардың өз өмірінде салауатты өмір салтын ұстануға  және үйренген дене қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандыру;

·Жалпы адамзат мәдениетінің бөлігі ретінде дене шынықтыру туралы түсініктерін қалыптастыру:

 2024-2025 оқу жылында бірлестікте 7 мұғалім, 6 – дене тәрбиесі, 1 – АӘД пәні бойынша сабақ жүргізеді. Дене тәрбиесі бойынша сабақ жүргізетін мұғалімдер жоғары білімді. Ибраимкулов Е. Т, Кадырбеков А. Тазабеков Б. Тәлімжанов С. Тоқбаев Қ  жаңартылған білім жетілдіру курсынан өтті.
 Бірлестіктің оқу-тәрбие проблемасы: Оқу – тәрбие үрдісінің сапасын арттыру және оқытудың білім беру технологияларын жүзеге асыру.
 Оқу жылының басында бірлестіктің жылдық жоспарын мұғалімдермен келісе отырып жасадық. Әр мұғалім бір спорт түрінен үйірме жұмысын жүргізеді.  Мектеп оқушыларына сапалы білім беру мен қатар, дене тәрбиесі  мен спорт жұмыстары жақсы жолға қойылған. Әр оқу жылында оқушылар  волейбол, қол добы, теннис т.б. спорт түрлерімен  мектеп оқушылары шұғылданады.  Дене шынықтыру пән мұғалімдері дені сау, салауатты азаматтар тәрбиелеудегі  еңбектері зор. 
 2024-2025  оқу жылында  "X  Мектеп лигасы" жарыстартары бағдарламасына сәйкес мектепішілік 1 кезеңі спорттың 10 түрінен  қыркүйек, қазан айларына жоспарланып өз деңгейінде өтілді. Осы өтк
ізілген жарыстар бойынша әр спорттың түрінен оқушыларды іріктеп командалар жасақталды.
 " X  Мектеп лигасы" жарыстартары бағдарламасына сәйкес қазан айында аудандық "Жеңіл атлетикалық кросс"  жарысына  3 жас ерекшеліктері бойынша командалар қойдық 5-6 сыныптар арасында жүгірген оқушыларымыз 7 орынды иеленіп аудандық білім бөлімінің грамотасымен марапатталды.  7-8 сыныптар арасында  жүгірген  ұлдар командасы «Дала жарысы» бойыншы 2 орын ал «Эстафеталық жарыста» 3 орын алды. 9-11 сыныптар арасында жарыс жолына шыққан спортшыларымыз жүлделі 1 орынға ие болды.
 " X  Мектеп лигасы" жарыстартары бағдарламасына сәйкес "Гандбол" ойынынан 2 жас ерекшеліктері бойынша команда жасақтап, бірінші "Шығыс аймақтық" іріктеу жарысына қатыстық ол жерден 5-6 сыныптар арсында қыздар және ұлдар  командасы бірінші орынды алып аудандық финалдық ойынға жолдама алды. 7-8 сыныптар арсында да оқушыларымыз 1 орынды иеленіп ұлдар және қыздар командасы аудандық финалдық ойынға жолдама алды. 
 " X  Мектеп лигасы" жарыстартары бағдарламасына сәйкес "Гандбол" ойынынан аудандық ақтық кездесу 5-6 сыныптардың арасында Абай мектебінің базасында өтілді, финалдық ойында 5-6 сыныптың қыздар командасы жүлделі 5 орынды иеленсе, ұлдар командасы финалдық тартысты жарыста  2 орынды жеңіп  алдып  аудандық білім бөлімінің грамотасымен марапатталды.
  " X  Мектеп лигасы" жарыстартары бағдарламасына сәйкес "Гандбол" ойынынан аудандық ақтық кездесу 7-8 сыныптардың арасында Пенжім орта мектебінің базасында өтілді, финалдық ойында 7-8 сыныптың қыздары 5 орын ал  ұлдар командалары жүлделі  6  орынға табан тіреді.
Қыркүйек айында аудандық «Лучший дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 2024» байқауына Көкен Ерсұлтан Хамитұлы қатысып жүлделі екінші орынды жеңіп алды. 
Қыркүйек айында «Тілдер мерекесіне» орай мектепішілік 7-8 сыныптар  арасында (МИКС) форматта волейболдан жарыс өткізділді  және де осы жарыс әр мереке сайын жалғасып отыратын болды  оған мектепішілік ауыспалы кубок тігілді. Жарысқа 8 «А»; 8 «Ә»; 8 «Б»; 7 «А»; 7 «Ә»; 7 «Б»;  сыныптарынан жасақталған 6 команда қатысты. Жарыс айналмалы түрде жүргізілді жарыстың  қорытындысы бойынша  ІІІ-орын 8 «Ә» сынып командасы, ІІ- орын 7 «А» сынып командасы, І-орын 8 «Б» сынып командасы 

иеленді.

" X Мектеп лигасы" жарыстартары бағдарламасына сәйкес "Футбол" ойынынан аудандық ақтық кездесуі 9-11 сыныптардың арасында Жаркент қаласының орталық стадионында өтті финалдық ойында 9-11 сыныптың  ұлдар командасы жүлделі 2 орынды иеленді. 

Кішішыған орта мектебі  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің    

 «Балауса» бастауыш  пән бірлестігінің «Болашаққа жол бастар,бастауыш білім данасы» атты онкүндігінде  4 «Б» сыныбында 12.12 .2024   әкелер мен балалардын арасында «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» атты отбасылық спорттық шара өтілді 

Максаты: Салауатты өмір салтын дәріптеумен, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Қимыл қозғалыс ойындарын ойнату арқылы отбасымен ынтымақтастықты нығайту; топаралық жарыс арқылы отбасы мүшелерін өзара түсіністікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, осындай шаралар арқылы ата-аналарды мектеп өміріне араластыру.

Жарысқа 5 топ қатысты
Жарыс 7 кезеңнен тұрды.
I. Асық  ату 
II. Бәйге
III.Қол курес
IV. Жүйрік болсаң озып  көр.
V.Ләнгітебу 
VІ. Кедергіден өту доп лактыру
VІІ. Кім жылдам ұлттык сусынды ішуден сайыс
Әділ қазылар алқасы директордың оку ісіжөніндегіорынбасары: Кашкынбай Бейсенұлы Бастауыш сынып  мұғалімі: Кальшаева Асем , Дене шыныктыру  пәнінің мұғалімі : Берик Ерғалиұлы болды. Әр кезең бойынша коммандалар балдық жүйемен бағалап отырды. Жарыс соңында  бірінші,екінші үшінші орындар беріліп окушылар мен әкелерсыйлықтар иеленді.Әр қатысушы топты мектеп директорының мақтау қағаздарымен марапатталды.
Баскетболдан мектепшілік жарыс өткізілді 7-8- сыныптар арасында.1-орын 8а 2-орын 8б 3-орын 7а сынып оқушылары иеленді жарыстың қорытындысы бойынша мектеп директоры Д.М.Ашкиев оқушыларды грамоталармен марапатады.

Ақпан айында мектепішілік ұлттық ойын «Асық ату» жарысы  3-4 сыныптар арасында өткізілді. Жоғарғы деңгейде өтілген жарыста 1-орынды 3б сыныбы алды  2-орын 4а сыныбы иеленсе, жүлделі  3-орынды 4ә  сыныбының оқушылары иеленді жарыстың соңында мектеп директоры Д.М.Ашкиев грамоталармен марапатады. 


2025 жылдың   ақпан айында айтыскер  ақын, әнші  сазгер Жандарбек  Бегімбетовты еске алуға арналған іс шаралар жоспарына сәйкес шахматтан мектепішілік жекелей біріншілік өткізілді.

 Жарысқа жоғары дайындықпен келген 10 оқушы қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Б.Тоқбаев сөз сөйлеп жарысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі. Одан кейінгі сөзді АӘД пәнінің мұғалімі Утегенов Е.Т алып айтыскер ақын, әнші сазгер Жандарбек Бегімбетовтің өмірбаянымен таныстырып, оқушыларға сәттілік тіледі. Жарыстың төрешісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тазабеков Б.Е оқушыларға құттықтау сөз сөйлеп, жарыстың, ойынның ережелерімен таныстырды.
 Жарыс өте тартысты, қызықты және жоғары деңгейде өтілді. Жарыстың барысы бойынша 1 орынды 8бсыныбының оқушысы Жұматай Саян жеңіп алды, 2 орынды 10асыныбының оқушысы Тоқтасын Айзере иеленсе жүлделі 3 орынды 8бсыныбының оқушысы Рахымбай Аяжан алды.
Жарыс соңында жүлдегер командалармен жақсы ойынымен үздік деп танылған ойыншыларды мектебіміздің уақытша директоры міндетін атқарушы Е.Т.Ибрайқулов сөз сөйлеп мақтау грамоталарымен марапаттады. 

Наурыз айында «1-наурыз Алғыс» айту күні мерекесіне орай спорттың волейбол түрінен мектеп 9-11 сынып оқушылары арасында жарыс өткізілді. 1-орын 11а 2-оын 9а 3-орын 9ә жарыстың қорытындысы бойынша мектеп директоры Д.М.Ашкиев грамоталармен марапатады.


Наурыз айында «Ал қанекей жігіттер» жігіт сұлтаны өткізілді 7-8 сыныптар арасында өткізілді жарыс өз деңгейімен жақсы өтті. Бас жүлдені ұтып алған 8ә сынып оқушысы Төрехан Темірлан алды,1-орынды 7б сынып оқушысы Әдлетқан Ильяс алды, 2-орынды 7а сынып оқушысы Қонақбай Аңсар алды 3-орынға  7ә сынып оқушысы Қанапия Тілек иеленді  жарыстың қорытындысы бойынша мектеп директоры Д.М.Ашкиев грамоталармен марапатады.




«Кішішыған орта мектебі» Управления образования Алматинской области нің 

дене тәрбиесі және АӘД пәндері

 " АРЛАН " бірлестігіне  SWOT – талдау





Күшті жағы

Әлсіз жағы


1.Волейбодан аудандық және облыстық жарысқа оқушылар қатысуы

2.Футболдан мектеп командасы облыстық жарыстан жүлделі орын алуы 

3. Пән мұғалімдерінің аудандық, облыстық мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталуы.



Жекелей спорттық ойындардан шахмат, тоғызқұмақтан аудандық жарыстардан көрсетіштердің төмен болуы.


Мүмкіндіктері

Қауіптері


Жекелей спорттық ойындар шахмат, тоғызқұмалақтан жарыстар өткізіп оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, аудандық және обыстық жарыстарда жақсы нәтижелерге қол жеткізу.


Денсаулыққа зиян келтіруі.

Уақытты тиімсіз пайдалану.

Сананы улау

Әлеуметтік желіні шектен тыс пайдалану.