Мектеп тарихы » Кішішыған мектебі
Жетісу облысы
Средняя школа №
"Кішішыған орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72774) 41-0-66
Бухгалтерия
+7(72774) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
06
март
2022

Мектеп тарихы

 
Мектептің тарихы
 
-Кіші Шығанда  алғаш 1930 жылы 1,2,3,4 сыныптар бар  ұйғыр мектебі ашылды. Оқушы саны 10-12 болған. Исламов деген мұғалім оқытқан. 
            -1957 жылы ұйғыр –қазақ  мектебі болып аталды. Ұйғыр сыныптарында 20, қазақ сыныптарында 24 оқушы білім алды. 
            -Мектеп бойынша 44 оқушы, 5 мұғалім жұмыс істеді. Мектептің меңгерушісі Имәр Адилов болды; 
            -1959 жылы мектеп меңгерушісі Нияз Либазиев болды;
            -1960 жылы сыныптар саны 9-ға өсіп,оқушы саны 190-ға жетті, Мектеп директоры болып Тоқбай ИСАБЕКОВ тағайындалды. Мектеп жанынан ашылған 8 жылдық кешкі жастар мектебінің басқару-ұйымдастыру жұмыстарын да Т.ИСАБЕКОВ жүргізді.
            - 1964 оқу жылында сыныптар саны 12-ге өсіп,оқушы саны 350-ге жетті. Мектеп 8 жылдық болып ашылды. Директор Тоқбай ИСАБЕКОВ. Ал оқу-тәрбие ісінің
 меңгерушісі болып Әбіләкім Тышқанбаев тағайындалды; 
-1991 жылы мектепке жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Мектепте оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.  
            2010 жылдан бастап мектеп директоры: Ашкиев Даулеткелді Мухамерұлы. 

Қазіргі таңда 0-11 сыныптар арасында -747 оқу бар. 
80 мұғалім жұмыс істейді.
Пән кабинеттері бар, жалпы мектеп бойынша 98 компьютермен қамтылған. 
Оқу ісі жөніндегі орынбасар  Ибраймқұлов Ержеңіс Тоқтасынович.
Әдістемелік оқу ісі жөніндегі орынбасары:  Илипова Алмагуль Бейсенгалиевна.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары. Тоқбаев Қашқынбай Бейсенович, Садықова Жұлдыз Қалиқызы.
Аұпараттандыру саласы бойынша орынбасары: Оспанова Зауре Сатыбалдыевна.
Мектеп психологтары: Ченарбекова Анаргуль Коргасбаевна, Нурпейісова Жанар.
Әлеументтік -педагог: Тоқтасын Ақпейіл, Бейсенбекова Ақерке.
Педагог-организатор: Кальшаева Әсем.
Мектеп логопеті: Ускенбаева Мақпал

1.Тегі, аты, әкесінің аты:  
Ашкиев Даулеткелди Мухамерович
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Мектеп директоры; физика пәнінің мұғалімі. "Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" Управления образования Алматинской области
3. Жынысы: ер
4. Туған жылы және туған жері: 041300, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үлкеншыған ауылы, Курбанов улица, 59
6. Білімі: жоғары, І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтының физика факультеті - 1984 жыл
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ.
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған күні:
9. Мекен-жайы: 041300, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үлкеншыған ауылы, Курбанов улица, 59
10. Жалпы жұмыс өтілі: 38жыл
11. Саладағы жұмыс өтілі: 38жыл 
12. Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 10 жыл
13. Ашкиев Даулеткелди Мухамерович  мектепте білім сапасын жоғарылату үшін әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырып,ата-ана,оқушы,мұғалім арасындағы қоғамдастықты нығайтып келеді.Мектептегі оқу тәрбие жоспарындағы  мектепішілік бақылауды дұрыс жоспарлап,білім сапасын арттыруға  тиімді әдістерді қолданып келеді.Әр жылы өзі дайындаған мектеп түлектерінің 80% оқу грантына ие болады. Мектепте жылда «Алтын белгі» аттестатқа ие болған оқушылары жоғары балға ие болып,әртүрлі салада қызмет етіп келеді.Өзіне де,өзгеге де талап қоя білетін ұстаз мектепте тәлімгер,жаңашылдыққа ұмтылатын көшбасшы.  Аудандағы мектеп директорларымен,көшбасшыларымен  өз   идеясын,өз тәжірибесін үнемі бөлісіп келеді.    

Оқушылардың  жетістіктері
 
2015 жылы  Тоқтасын Аяулым «Алтын белгі» иегері;
2016 жылы   Сағат Камила «Алтын білгі» иегері; 2017 жылы     Жүнісханова Жансая «Лучший аттестат» иегері;
2018 жылы Сағат Назгул   « Лучший аттестат» иегері;
2019 жылы Алибекова Аружан «Алтын белгі»иегері; 
2019 жылы Тельман Арайлым «Алтын белгі»иегері;  
2020 жылы  I.Leader.kz  Республикалық порталының Алғыс хаты.
2020 жылы Дәулеткелді Ақпейіл «Алтын белгі»иегері; 
2020 жылы   Қунақбаева Жансая «Лучший аттестат» иегері:
2021 жылы   Керімбекова Эльнура «Алтын белгі»иегері; 
2021 жылы  Алматы облысының білім басқармасы Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер арасындағы олимпиадасының облыстық кезеңінде Панфилов ауданы, Кішішіыған орта мектебінің 8- сынып оқушысы Тоқтасын Даниял физика пәнінен  2-дәрежелі дипломмен марапатталды.
2021 жылы ҚР білім және ғылым  министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы Жаратылыстану- математика циклы пәндері бойынша математика пәнінен   “Әл-Фараби” Халықаралық қашықтық олимпиадасы 1- дәрежелі диплом  Тоқтасын Даниял 
2021 жылы Алматы облысының білім басқармасы Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми тәжірибелік орталығы8-10 сыныптар арасында облыстық қашықтықтан өткен «ШАХМАТ» ұлттық ойынында 3-ші орынға Тоқтасын Айзере ие болды.

Іс тәжірибесі
2016 жыл «Бейне таспа арқылы білім беру жүйесі» электронды оқулық авторы. Халықаралық тіркеу коды 978-601-80358; 
2016 жыл  ҚР Білім және Ғылым Министрлігі "Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің" Алғыс хаты; 
2017 жыл  Панфилов ауданы жастар ресурстық орталығының Алғыс хаты;  
 2018 жыл Qazaq RadiosyVІ Республикалық "Тайжарыс" радиобайқауының Алғыс хаты; 
2018 жыл NIS "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының әзірлеген  ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде курс Серификаты- 40 академиялық сағат;
NIS "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының Куәлігі 640 академиялық сағат – серия Б№ 000451; 
2018 жыл  Панфилов аудандық Кәсіподақ комитетінің Құрмет Грамотасы; 
2019 жыл  "Нұр Отан " партиясы Панфилов  аудандық филиалының Саяси кеңесі Алғыс хаты; 
2019 жыл  Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің Алғыс хаты;
ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының Алғыс хаты.
2019 жыл "Бейбітшілік әлемі"   Халықаралық Қазақ Творчестволық бірлестігінің "Ыбырай Алтынсарин" медалі, №991;  
2019 жыл "Бейбітшілік әлемі"   Халықаралық  Қазақ Творчестволық бірлестігінің  дипломы;

 Баспасөз материалдары :
2017 жыл  QAZSAQ MEDIA GRОUP Алғыс хаты;  2017 жыл   "Жетісу" газеті - "Болашақ бүгіннен басталады" мақаласы; 
2017 жыл  BILIMLAND сертификаты;
2018 жыл  Республикалық педагогикалық-әдістемелік басылым журналы- "Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу" сабақ жарияланымы;
2018 жылы республикалық  «Ел-назар» журналының энциклопедиясына енді.
2019 ж 25 қазақ  «Жаркент өңірі» газетіне Социалистік Еңбек ері  К.Айтжанова туралы «Қарым мен қабілеттің ,қажырлы еңбектің иесі-Батыр Ана» мақаласы; 
2019 жыл  Жаркент өңірі газеті- "Қарым мен қабілеттің қажырлы еңбектің иесі-Батыр ана" мақаласы;  
Өз отбасында төрт баланың әкесі, жолдасы да  мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ауылымызда үлгілі отбасы. 
Д.М.Ашкиев – білікті де білгір басшы ретінде қазіргі заман талабына сай еңбек етіп жүрген білімді маман, білікті басшы.
                                          Алтын ұя-мектебім 
Қартаймайтын бейне өмірдің көктемі,
Жас ұрпақтың басып өтер өткелі.
Өнерлі мен өрелінің ордасы,
Қасиетті КІШІШЫҒАН мектебі
Білім алу шәкірт үшін басты арман,
Тәлім басы тәрбиеден басталған.
Іргетасы қалған соң ұзақ жыл,
Бұл мектепті Тоқбай ақын басқарған.
Сабақ берді көп ұстаздар білімді,
Үлгілі іспен ел аузына ілінді.
“Шыған шырақтары” деген атпенен,
Әдебиет бірлестігі құрылды.
Жас таланттар қаулап өсіп,бата алған,
Жандарбек те шыққан сол бір “шапаннан”.
Осы мектеп ел ішінде бүгінде,
“Ақындардың ұясы”деп аталған.
Адамзаттың ұрпақ басты байлығы,
Ұрпағымен асар елдің айбыны.
Мектеп даңқы - шын талантын бағалап,
Ел таныған шәкірттермен әйгілі.
Деген сөз бар “Ел іші-өнер кеніші”,
Өнерлінің өркен жайсын өрісі!
Біледі жұрт, жақсылықтың әр дәні-
Ұстаздардың еңбегінің жемісі.
Ислам-Ғали ҮРКІМБАЙҰЛЫ мектептің бұрынғы түлегі,халықаралық 
“Қазақ тілі”
қоғамының Жаркенттегі аудандық  ұйымының төрағасы 

Похожие публикации:

22 ноябрь 2017 Мектеп туралы
28 октябрь 2025 Мектеп директоры
27 апрель 2017 мектеп
30 октябрь 2016 Мектеп тарихы