"Заңғар " бірлестігінің 2024-2025 оқу жылының жылдық қорытындысы » Кішішыған мектебі
Жетісу облысы
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Кішішыған орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 41-0-66
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Заңғар " бірлестігінің 2024-2025 оқу жылының жылдық қорытындысы
20
май
2025

"Заңғар " бірлестігінің 2024-2025 оқу жылының жылдық қорытындысы

«Кішішыған орта мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің «Заңғар» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің 2024-2025оқу жылының жылдық атқарылған іс-шаралары және үлгерімі мен білім сапасы туралы
АНЫҚТАМАСЫ
2024-2025  оқу жылында  «Заңғар» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінде 5 мұғалім жұмыс істеуде.Оның 1-і педагог-зерттеуші, 3-і педагог- модератор, 1-і педагог - сарапшы
Балғабекова.Р.Т.   -   педагог- зерттеуші
Сулейманова Ш.А  -  педагог -модератор
Садыкова  Г.А.    -     педагог - сарапшы
Ибраймкулова  Н.Т.   педагог - модератор
Бекбатырова А.А. -   педагог – модератор
Бірлестіктегі пән мұғалімдері  жаңартылған бағдарлама  бойынша  білім жетілдіру курсынан өтті.Пән бірлестігі Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңын басшылыққа ала отырып, «Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде тұлғаның білімі мен дағды машықтарын дамыту және сыни тұрғыдан ойлау негіздерін дамыту» мәселесімен жұмыс істейді.
Бірлестік бойынша  бірлестік отырыстары өткізіліп,жоспарланған іс- шаралар жүзеге асырылды.
Атап айтқанда,2024-2025 оқу жылының қыркүйек айында Қазақстан Халықтары Тілдері айлығында «Тіл- кемел болашақ тұғыры» деген тақырыпта Тілдер айлығы өтті.5 қыркүйек күні Тілдер мерекесінің ашылу салтанаты болды. «Өнерпаз» пән бірлестігі көрме,кітапханашылар «Ахмет Байтұрсыновтың әдеби мұрасы»тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.«Атамекен» пән бірлестігі А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығынан деректі фильм көрсетті.Бастауыш сыныптар бірлестігі «Тілім менің -тірлігімнің айғағы» атты мәнерлеп оқу байқауын,Ш.Сулейманова «Мәңгілік ел мәңгілік тіл»жазба ақындар сайысын,Р.Т.Балғабекова «Ана тілім -айбыным»тақырыбында эссе байқауын өткізді. «Арлан» пән бірлестігі «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»тақырыбында ұлттық спорт түрлерінен жарыс,музыка пәнінің мұғалімі Л.Т.Нусупова «Құлақтан кіріп,бойды алар»атты ұлттық әндер байқауын, «Филолог»пән бірлестігі «Язык- история и душа народа атты фестивалін ұйымдастырды.Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Н.Т.Ибраймкулова мен Г.А.Садыкованың ұйымдастыруымен 5-6 сыныптардың арасында «Тіл -ұлттың жаны»атты сайыс өтті.
20 қыркүйек күні «Заңғар» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл- ұлттық белгі,халықтық мұра» атты қорытынды кеш өтті.
09-13 қазан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы өтті.9 қазан күні апталықтың ашылуы болды.Сонымен қатар,5,6 сыныптар арасында мәнерлеп оқудан поэзия минуты ұйымдастырылды.10.10.ж.Ибраймкулова Н.Т. 7 «ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Денсулық және қоршаған орта» тақырыбында, 11.10. ж.Балгабекова Р.Т.10 «ә» сыныбына «Абайдың қарасөздері.Он жетінші қарасөзі»тақырыбында үлгі сабақтарын өтті.Садыкова Г.А.мен Р.Т.Балгабекова 5-6 сыныптар арасында «Қызықты қазақ тілі әлемі»атты сайыс және Н.Т.Ибраймкулова 8-сыныптар арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырды.12 қазан күні Сулейманова Ш.А.7 «а» сыныбына қазақ тілі пәнінен «Тіршіліктің төрт тірегі»тақырыбында,Садыкова Г.А.5 «а» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен «Асанқайғының Жерұйықты іздеуі» тақырыбында,Бекботырова А.А.6 «ә» сыныбына қазақ әдебиеті «Айналайын,Ақ Жайық»тақырыбында үлгі сабақтарын өткізді.Бірлестік мүшелері мектеп мұғалімдері арасында «Бағалау түрлері» атты коучинг ұйымдастырды.Пән апталығы С.Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай А.А.Бекботырованың  9 «б»сыныбындағы «Асқақ арманды ақын» атты ашық тәрбие сағатымен қорытындыланды.
2024-2025 оқу жылында пән бірлестігінің жеткен жетістіктері де бар.Атап айтқанда, «Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында  аудан көлемінде ұйымдастырылған эссе байқауына қатысқан 9 «б»сынып оқушысы Бекзатқызы Аяна 2-орынды иеленді.Бейсен Құранбек байқауының эссе жазу бағыты бойынша аудандық кезеңіне қатысқан 9 «б»сынып оқушысы Тоқтасын Ғанимат 2-орынды иеленсе, «Блиц турнир» бағыты бойынша қатысқан 9 «а» сынып оқушысы Әділбек Ақжолтай облысқа жолдама алды.
Қазақ тілі мен әдебиеті   пәні бойынша 1-тоқсанның білім сапасының көрсеткіші;
Қазақ тілі пәні : 11а-ТЖБ алынбайды ; қазақ әдебиеті пәні;11а-72,22%
11ә-61%                                       11ә-61%
10а-ТЖБ алынбайды10а-71%
10ә-63,15%                                10ә-73,68%
9а-52%                                   9а-56%
9ә-62,5%                                    9ә-67%
8а-75%                                8а-75%
8ә-65%                                 8ә-65%
8б-73%                                 8б-73%   
7а-79%                                 7а- 83%
 7ә-80%                                7ә-80 %
7б-54%                                7б-54%
6а-57%                                  6а-57%
6ә-75%                                 6ә-66%
6б-64,29%                               6б-62%
5а-63%                                5а-63%
5ә-58,33%                              5ә-58%
5б-92%                                 5б-76%
Қазақ тілі
Қазақ әдебиеті
Әдістемелік нұсқау хатпен және оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып қазақ тілі мен әдебиетінен ұзақ мерзімді,орта мерзімді,қысқа мерзімді сабақ жоспарлары жасап бекіттірдім.
2024–2025 оқу жылында білім алушыларға мемлекеттік тілде сауатты, көркем сөйлеу мен жазу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды таныту, әдеби мұраны оқыту арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Мақсатында ж
Қазақстан Халқы Тілдер мерекесіне орай  айлық жоспар бойынша             10-қыркүйек күні «Мәңгілік елімнің мәңгілік тілі» тақырыбында  жазба ақындар сайысын ұйымдастырдым.
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі болып бекітілгені анық. 
Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. 
«Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі»,- деп          Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің Отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі, көркемдігі өрлігінде, орасан зор байлығында. Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында «Қазақ тілі» тақырыбында  оқушылар өз шығармашылығынан өлеңдер оқыды.
«Кішішыған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында өткізілген жұмыстардың анықтамасы 
     12.09.2024жылы Жетісу облысы Панфилов ауданы Кішішыған орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Н Т.Ибраимкулова "Тілім менің-тірлігімнің айғағы" атты 6Б сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағатын өтті. 
Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Қазақ тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру ,құрметтеу, қадірлеу оқушылар бойына дарыту.12-қыркүйек күні тарих және қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында  «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар мемлекеттік тілде өлеңдерді мәнерлеп жаттап, мемлекеттік тілде сахналық көріністер көрсетті. 
      «Заңғар» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар арасында «Қыран елім- Қазақстаным» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
05.09.2024 «Тұрар Рысқұлов-тарихи тұлға» тақырыбында  диктант жазылды.  (10-11 сынып оқушылары)
10.09.2024 күні   Ш.А.Сулейманова  «Мәңгілік елімнің мәңгілік тілі» тақырыбында  жазба  ақындар сайысын өткізді. 
11.09.2024 күні  Р.Т.Балғабекова «Тіл-достықтың айғағы» тақырыбында эссе  байқауын ұйымдастырды.
 
18.09.2024 күні математика пәнінің мұғалімі  Т.Ш.Шалимбаева  6-сыныптар арасында «Жүйрік болсаң озып көр...» атты сайыс өткізді. 
19.09.2024 «Заңғар» қазақ тілі мен әдебиеті  пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ана тілім-ардағым» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды. 
 
 «Заңғар» қазақ тілі мен әдебиеті  пән бірлестік жетекшісі          Р.Т.Балғабекова
Оқу жылы нәтижелі  аяқталып, оқушылардың тілдік біліктілігі мен әдеби сауаттылығы артты. Келесі оқу жылында білім сапасын арттыру, жеке оқыту әдістерін жетілдіру, дарынды және ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмысты жалғастыру көзделіп отыр.Оқушылардың тілдік құзыреттілігі мен әдеби шығармаларға қызығушылығы артты. Келесі оқу жылында оқылым, жазылым, айтылым дағдыларын тереңдету, дарынды және төмен үлгерімді оқушылармен жұмысты күшейту жоспарлануда. 
Қараша айында өткізілген аудандық Зерде ғылыми жобасына 6Б сынып оқушысы Сүлеймен Балерке “Қазіргі таңда көнерген сөздердің қолдану аясы”тақырыбында жобасын қорғап аудандық кезеңде 2-орынға ие болып дипломмен марапатталды.
Қараша айында аудандық 5-6 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасына 6Б сынып оқушысы Тоқтарбай Нұрай қатысып аудандық кезеңінен 2-орын дипломмен марапатталды.
Аудандық Бейсен Құранбек байқауына журналистика саласы бойынша видеоролик саласы бойынша 11 сынып оқушысы Ахмет Бірғаным қатысып аудандық Алғыс хатымен марапатталды.
16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай мектепшілік “Алғыс хатымен”марапатталдым.
Сонымен қатар 2- тоқсанның қорытындысын ескере отырып олқылықтарды түзету мақсатында  олқылығы бар оқушылар  анықталып жұмыстар жүргізілді.6- сынып бойынша жазу каллиграфиясын түзету, меңгерілмеген оқу мақсаттары бойынша қосымша жұмыстар атқарылды.9 сыныптар әдеби эссе жазу, сыни хабарлама жазу, аргуменативті эссе, дисскусивті эссе және мәтін  тапсырмалары құрастырылып, оқу сауаттылықтары бойынша тесттер алынды.
Алдағы тоқсандарда алға қойған мақсат-міндеттер;
1.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жандандыру;
2.Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру;
3.Оқушыларды ғылыми-ізденіс жұмыстарына тартып,нәтижелі көрсеткішке қол жеткізу;
4.Облыстық,республикалық оқулардан және пән олимпиадасынан нәтижелі көрсеткішке қол жеткізу үшін оқушыларға сапалы білім беру, дайындау.
Бірлестік жетекшісі: Балғабекова.Р.Т