02
сентябрь
2025
Оқу әдістемелік жұмыс жоспары
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСҚА ТАЛДАУ БОЙЫНША АНЫҚТАМА
«Кішішыған орта мектебі мектебі » КММ
мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша 2024-2025 оқу жылында білім сапасын көтеру мақсатында жүргізілген жұмыстар бойынша анықтамасы
Күні: _ ____ 20___ жыл
Құрастырған: директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Илипова
Қарастырылған: Әдістемелік кеңес отырысында №5 хаттама , 2025 ж.
Мектепте 9 пән бірлестігі құрылған. Барлық бірлестіктің жылдық жұмыс жоспары, бірлестік отырыстарының жоспары, онда қаралған мәселелердің жинақ материалдары және хаттамалары толық жазылған. Әр тоқсан сайын өткізілетін бірлестік отырыстарында пән бойынша білім сапасы мониторингі жүргізіледі және алдынғы мониторингпен салыстырғанда оң не теріс нәтижелер атап өтіледі.
2024-2025 оқу жылында мектепте 34 сынып комплектісі жинақталған. 4-тоқсанды 0-11 сыныптар арасында 793 оқушы, оның 361-і қыз, 1-11 сыныптар арасында 728 оқушы, 333-і қыз баламен бастадық. 7 оқушы келді: 5 оқушы ауданнан, 1 оқушы ҚХР-нан, 1 оқушы Республикадан келді. 3 оқушы кетті: 2оқушы ауданға, 1 оқушы Республикаға кетті.
4-тоқсанды 0-11 сыныптар арасында 797 оқушы, 362-і қыз. 1-11 сыныптар арасында 732 оқушы, 335 қыз баламен аяқтадық. Даярлық сыныпта 65 оқушы. Үйден оқитын 7 оқушы, 7 оқушы бейімделген жалпы білім беру бағдарламасымен оқиды.
11 сыныпта 36 оқушы, «Алтын белгіге» үміткерлер 4 оқушы:
11 «А» Иманғазы Әсел, Байжұма Меруерт, Нұрмұхамет Диана
11 «Ә» Әлім Шахризада
«Үздік» аттестатқа үміткерлер 4 оқушы:
11«А» сыныбынан: Жүнісқан Ақсана, Мұхитұлы Мақсат,
11 «Ә» сыныбынан: Ибрагим Аяжан, Мұқатжан Ұлбосын.
9- сыныпта 75 оқушы. «Үздік» аттестатқа үміткер оқушылар сегіз оқушы.
9 «А» сыныбынан: Әбдіқалық Айым, Темирханова Сафиназ.
9 «Ә» Дәукен Алтынай, Таутесер Аяжан.
9«Б» - Барат Әділет, Мұқатжан Мирас, Нұрәділ Даниал, Нұртілеу Айзере.
2024-2025 оқу жылының 1 - тоқсан бойынша білім сапасы 64,2%, қыздардың білім сапасы 77%-ды көрсетті, биылғы 2- тоқсан қорытындысы 63,4%, қыздардың білім сапасы 75,5%-ды көрсетті, 3- тоқсан қорытындысы 64,8%, қыздардың білім сапасы 75,8%-ды көрсетті. 4- тоқсан қорытындысы 64,6%, қыздардың білім сапасы 76,9%-ды көрсетті 3- тоқсанмен салыстырғанда 0,2%-ға төмендегені байқалды.
1-3-тоқсандағы 1-11 сыныптардың білім сапасының қорытындысы
Білім сапасының салыстырмалы көрсеткіші
1- 4 тоқсанның сыныптар бойынша білім сапасы мен үлгерімі
5-8 сыныптар
9-11 сыныптар
1-4 тоқсан пәндер бойынша білім сапасы
Жоғары білім сапасын көрсеткен сыныптар
Төмен білім сапасын көрсеткен сыныптар:
Талдау кезінде анықталғаны:
2024-2025 оқу жылындығы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білім сапасын көтеру жөніндегі аналитикалық талдау
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білім сапасына жүргізілген талдау «Заңғар» пән бірлестігінің жылдық жұмысы негізінде жасалды.
Негізгі проблемалар мен себептер:
- Оқушылардың сөздік қорларының шектеулі болуы, көркем әдебиет оқуға қызығушылықтың төмендігі;
-Жазба жұмыстарда грамматикалық қателердің көптеп кездесуі;
-Оқу сауаттылығы, мәтінмен жұмыс істеу дағдылары жеткіліксіз;
-Онлайн платформа мен цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану деңгейінің төмендігі;
-Кейбір сыныптарда ата-аналар тарапынан бақылаудың әлсіздігі.
Атқарылған жұмыс түрлері:
-Ашық сабақтар, пән апталықтары, сайыстар ұйымдастырылды;
-Дарынды оқушылармен жекелеген жұмыстар жүргізілді (шығарма, эссе, көркем оқу);
-ҰБТ, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларына бағытталған дайындықтар жасалды;
-Мектеп кітапханасымен бірлесе отырып, оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі таратылды;
-Оқу сауаттылығын дамыту мақсатында PISA, PIRLS форматындағы тапсырмалар қолданылды.
Мұғалімдердің кәсіби дамуы
Мұғалімдер түрлі деңгейдегі курстар мен вебинарларға қатысты;
Оқу бағдарламасы бойынша апталық кезінде әдістемелік семинарлар өтті.
Алдағы оқу жылына ұсыныстар мен жоспарлар:
Жазғы кезеңде оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру үшін"Оқимыз – ойлаймыз – дамимыз!" жобасын іске қосу;
-5–9 сынып оқушыларына арналған "Шығармашылық клуб" жұмысын ұйымдастыру;
-Қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс жүйесін жетілдіру;
-Әдеби кейіпкерлерге арналған театралды қойылымдар өткізу;
-Сабаққа цифрлық ресурстар мен ойын элементтерін енгізу (Kahoot, Quizizz, Wordwall т.б.).
Бірлестік тарапынан атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді. Дегенмен, оқу сауаттылығын жетілдіру, шығармашылық бағыттағы жұмыстарды күшейту, цифрлық ресурстарды пайдалану сияқты бағыттарда әлі де жүйелі жұмысты қажет етеді. Жоғары нәтижеге жету үшін оқушы – мұғалім – ата-ана үштігі арасындағы тығыз байланыс басты назарда болуы тиіс.
Ағылшын тілі пәні бойынша білім сапасын көтеру жұмыстарына жүргізілген аналитикалық талдау
Ағылшын тілі пәні бойынша білім сапасын арттыру мақсатында жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижелері негізінде аналитикалық талдау жасалды. Бұл талдау пән бойынша оқу үдерісінің тиімділігін, оқушылардың білім деңгейін, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, сондай-ақ білім сапасына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды кешенді түрде зерттеу арқылы жүзеге асырылды.
Аналитикалық талдау барысында қамтылған негізгі бағыттар:
Тілдік, интеллектуалдық, апталық, декадалардың жүргізілуі туралы. 2024-2025 оку жылында 1 тоқсан да «Тіл мерекесіне» арналған іс -шара бойынша жұмыс жүргізді.
19.09.2024 жылы Тілдер апталығында Funny English 7 сыныптар арасында сайыс өткізілді.The intellectual game «Funny English»
Сабақтың мақсаты: Oқушылардың пәндерге қызығушылықтарын оята отырып логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, зейінді болуға тәрбиелеу. Ана тілін құрметтеп, өзге тілді үйренуге баулу.
19.09.2024 жылы “Жетісу облысы ББ Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі” “Кішішыған орта мектебі’ КММ “Тіл достық айғағы’”атты Қазақстан Халықтарының Тілдер он күндігінде ағылшын пәні мұғалімі Әлембек Ж 7 сыныптар арасында “Funny English”сынып арасында топтық саайыс өткізілді .Сайыс мақсаты оқушылардың ой танымын арттыру,пәнге қызығушылығын арттыру , өзге тілді үйрену керек екенін түсігдіру ,оқуға ынтасын арттыру.Өз ана тілімізді құрметтеп өзге тілді үйренуге баулу.
05.12.2024 жылы 3б сынып оқушыларымен ағылшын тілі пәнінен Әлімбек Жансая «Weather and clothers» Clothes I wear.тақырыбында үлгі сабақ өтті.Сабақтың мақсаты :Ауа-райы және жыл мезгілдеріне жыл мезгіліне сай киім түрлерін білу және жыл мезгіліне сай сөздерді,киімдерді жаттату және уйрету .Балаларға киім туралы ауа райы туралы әңгімелесуге үйрету. Сөздік қорларын молайту .Сыни тұрғыдан ойлану арқылы тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың есте сақтау ,айтылым мен жазылым дағдыларын қалыптастыру.
1 Greeting (Сәлемдесу)
2 Warm up “Back tracing”
3 Introducing a new theme
4 Pair work
Сабақ барысында ауа райы және ауа райына байланысты киім түрлерін оқушылар ән түрінде Get Dressed for the Day Song / the Singing Walrus әнін айтып жаттап үйренді. Сабақ барысында қолданылған әдістер :«Puzzle» сәйкестендіру және «Yes or No» сұрақ жауап әдісі шаттық шеңбері және сергіту жаттығуы орындалды. Сабақта әр түрлі көрнекіліктер және жұптық тапсырмалар орындалды
05.01.2025 ағылшын тілі мұғалімі Әлембек Жансая - II тоқсан қысқы демалыс кезінде 8б сынып ағылшын тілінен үйірме жұмысы жүргізілді
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Еліміздің шет елдермен қарым – қатынасымыз күшейіп отырған кезде балалардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.
Үйірменің мақсаты : Балалардың шет тіліне қызығушылығын оятқан кезде ғана кез келген жетістіктерге жетуге болады, яғни оқытудың ең бастысы әр түрлі заманауи дидактикалық ойын арқылы балалардың тілге деген құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру. Бұл дегеніміз қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
02 желтоқсан 3 «A» сыныбында пән мұғалімі Мелдеш Б.Ғ.«Seasons and Weather » тақырыбында үлгі сабақ өтті.Сабақтың мақсаты: оқушыларға мәтінді оқыту, ауа - райы және мезгілдер туралы түсінік беру.Қысқа мәтіндегі негізгі ойды табу,түсіну,сөздерді дұрыс айту.
Сабақ барысында оқушылар жылдың төрт мезгілі туралы қысқа мәтінді оқып,ауа – райына байланысты “Rain,rain go away!” өлең жолдарын айтты.
Күтілетін нәтижелер:“ Seasons and Weather ” берілген тақырып бойынша оқып,сөздерді дұрыс айта алады.Сабақта Pre-reading, While reading, Post reading кезеңдерінде тапсырмалар орындалды. «Magic box», «Puzzle» әдістері қолданылды. Сабақ соңында бағалау парағы бойынша оқушылар өздерін бағалады.
Аудандық "Зерде" ғылыми жобалар байқауында 6"Б" сынып оқушысы Тоқбай Айша "Жасанды интелект-ағылшын тілін үйренудің заманауи тиімді жолы" тақырыбында жұмысы үшін 3-орынға ие болды.
Пән мұғалімі Ғ.Б.Ниетбаева 6 сыныптарда ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру және тыңдалым дағдысын дамыту мақсатында, сабақтан тыс кезде "Rio 2" мультфильмын ағылшын тілінде көрсетті.
«Кішішыған орта мектебі» коммуналдық мекемесінде ағылшын тілі пәні мұғалімдері Исабекова Н.А, Болысбек Шоқан «Заманауи мұғалім» тақырыбында коучинг өтті.
Коучинг мақсаты: мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамыту, жаңа педагогикалық әдістер, ЖИ жұмыс жасауды үйрету, оқыту процесін жетілдіру. Міндеттері: мұғалімдерге өз білімдерін жаңарту және жетілдіру мүмкіндіктерін ұсыну; топтық жұмыстар арқылы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамыту.
Оқу нәтижелері: Мұғалімдер ЖИ, платформалармен танысады, олармен жүйелі жұмыс жүргізуді ұйымдастырады, сабақ барысында ЖИ, платформалар арқылы берілетін тапсырмаларды ойластырады, орындайды, дамыту жұмыстарын саралайды.
Түйінді идеялар: ЖИ, платформалардың ерекшеліктерін айқындап, олармен жүйелі жұмыс жүргізе отырып, табысты оқытуға қол жеткізу.
Коучинг барысында мұғалімдер психологиялық ахуалды қалыптастыруда өлең жолдарын қимылмен көрсете отырып амандасты. Миға шабуыл ретінде «4 балауыз шам»бейнеролигі көрсетілді, «Қар кескіні» ойыны ойнатылып, «Коллаж» әдісі арқылы тақырыпты ашты. Заманауи мұғалім қандай болу ЖИ туралы мәлімет алып, joyteka, kahoot, emaze, gamma ai. Тағы басқа платформалармен танысып қана қоймай, тапсырмалар да орындады. Коучинг соңында қатысушылар www.menti.com арқылы кері байланыс берді.
https://www.facebook.com/share/1CwtXW8q3e/?mibextid=wwXIfr әлеуметтік желіге жарияланды.
20.01- 24.01.2025 жыл аралығында ағылшын тілі апталығы болып өтті. Апталық іс – шарасында үлгі сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілді. Пән мұғалімі Н.А.Исабекова 21қаңтар 9 «Б» сыныбында «The best libraries in the world» тақырыбында үлгі сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оқушыларға мәтінді оқыту, әлемдегі ең танымал кітапханалар, соның бірі АҚШтағы “The Library of Congress” туралы түсінік беру, берілген тұжырымдарды мәтіндегі фактімен салыстыру.
Күтілетін нәтижелер:«The best libraries in the world»тақырыбы бойынша белсенді сөздерді біледі,берілген тақырып
бойынша оқып-үйренген лексика- грамматикалық материалды сөйленім құрастыруда қолданады, танымал кітапханалар
және олардың қызметі жайлы айта біледі. Сабақта Pre-reading, While reading, Post reading кезеңдерінде тапсырмалар
орындалды. «Entrance and exit ticket», «Quizziz» әдістері қолданылды. Сабақ соңында бағалау парағы бойынша
оқушылар өздерін бағалады. Сабақ facebook парақшасына жарияланды
https://www.facebook.com/share/v/15d71YL3XU/?mibextid=wwXIfr
23.01.2025 күні ағылшын тілі мұғалімі Болысбек Шокан “Teen’s problems” тақырыбында 10ә сыныбымен үлгі сабағын өткізді.Сабақтың мақсаты “10.4.1-understand main points in extended texts on a wide range of unfamiliar general and curricular topics;10.3.2.1 - ask and respond to complex questions to get information about a wide range of general and curricular topics;” Ол сабақты жүйелі өтті. Сабақта оқылым,айтылым,жазылым дағдылары қамтылды.Оқушылар сабаққа белсене қатысты. АКТ-ны тиімді пайдаланып, “Wordwall”, “Blooket” оқыту платформаларын қолданды.Кері байланысқа “Mentimetеr” платформасын қолданды.
23 қаңтар күні 3 «Б» сыныбында ағылшын тілі пәнінен пән мұғалімі Әлембек Жансая Айтбекқызы «Best Friends. My Toys and Sports I Like» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға ойыншықтар мен спорт түрлеріне байланысты жаңа сөздерді меңгерту, has got/have got құрылымдарын қолдануды үйрету, сондай-ақ a, an, the артикльдерін дұрыс қолдануға жаттықтыру.
Сабақ психологиялық ахуал қалыптастырудан басталды. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабаққа дайындықтарын білдірді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы бейнематериал негізінде жаңа сөздерді анықтап, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындады.Сабақ барысында жасанды интеллект қолданылып жұптық, топтық және жеке жұмыстар орындалды. Оқушылар интерактивті әдістер арқылы жаңа сөздерді меңгерді, «Тыңда, көрсет және айт» ойынын ойнады, ал «Сәйкестендіру» тапсырмасында ойыншықтар мен спорт түрлерін дұрыс анықтады. Топтық оқу барысында оқушылар Toys and Sports Around the World мәтінін тыңдап, негізгі ақпаратты тауып, сұрақтарға жауап берді.Грамматикалық бөлімде оқушылар a, an, the артикльдерін дұрыс қолдануды үйренді. Сабақта Baamboozle.com платформасы арқылы интерактивті тапсырмалар орындалды.Сабақ соңында оқушылар жұптық жұмыс жасап, диалог құру арқылы has got/have got құрылымын қолдануды пысықтады. «Magic Box», «Puzzle» әдістері қолданылып, оқушылардың қызығушылығы артты.Сабақ соңында «Weather Emoticons» сандық әдісі кері байланыс әдісі қолданылып, оқушылар сабақтың ұнағанын және материалды жақсы түсінгендерін білдірді.Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Сабақ мақсаты толық орындалды.
23.01.2025 күні ағылшын тілі мұғалімі Шапагатов Самат Талапканович“Teen’s problems” тақырыбында 10 а сыныбымен сабақтан тыс іс шара өткізді.Іс шараның м мақсаты “Оқушылардың ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін ары қарай дамытып олардың ағылшын тілінде қаншалықты еркін сөйлейтінін анықтап ары қарай сөздік қорын дамыту ;” сайыс жүйелі өтті. Сабақта оқылым,айтылым,жазылым дағдылары қамтылды.Оқушылар сабаққа белсене қатысты. АКТ-ны тиімді пайдаланып, Сайыс сабақ өте қызықты өтіліп жүлделі орын алған оқушылар марапаттармен мадақталынды.
22 қаңтар күні 4 «A» сыныбында пән мұғалімі Мелдеш Б.Ғ. «Weather» тақырыбында үлгі сабақ өтті.Сабақтың мақсаты: оқушыларға мәтінді оқыту, ауа – райына байланысты жаңа сөздерді меңгерту,қарапайым сөйлемдер құрастыру. Қысқа мәтіндегі негізгі ойды табу,түсіну,сөздерді дұрыс айту.
Cабақ психологиялық ахуал арқылы басталып ,оқушылардың көңіл – күйі анықталды,оқушылар бір – біріне жақсы тілектерін айтты.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы берілген сұрақтарға жауап беріп,сабақтың тақырыбы және мақсатын оқушылар анықтады.
Жұптық,топтық,жеке жұмыстар орындалды,оқушылар тақырыпты толық меңгеріп,Флешкартамен жауап берді.
Сабақ барысында оқушылар қысқа мәтінді оқып,ауа – райына байланысты “What is the weather like!” өлең жолдарын айтты.Сабақ барысында «Wordwall» платформасы қолданылып,смарт тақта тиімді пайдаланылды.
Күтілетін нәтижелер:“ Weather ” берілген тақырып бойынша шағын мәтінді оқып,сөздерді дұрыс айта алады.Сабақта Pre-reading, While reading, Post reading кезеңдерінде тапсырмалар орындалды. «Magic box», «Puzzle» , «Umbrella» әдістері қолданылды. Сабақ соңында «Ұлттық құндылықты» дәріптеу мақсатында бағалау парағы қолданылып оқушылар бағаланды.Кері байланысқа «Weather emoticons» әдісі қолданылды. Оқушылар сабаққа қызығып,сабақты жақсы түсіндік деген кері байланыс жасады
24.01.2025 жылы ағылшын тілі мұғалімі Бегімбекова Жұлдыз 5"А" сыныбына үлгі сабақ өтті . Сабақ тақырыбы: Musical instruments .
Сабақ мақсаты: музыкалық аспаптар туралы жаңа сөздер үйрену.Қысқа мәтіндегі негізгі ойды табу,түсіну,сөздерді дұрыс айту.
Үлгі сабақты бастамас бұрын оқушыларға бағалу түрі түсіндірілді. Багалау "English bank" әдісі арқылы бағаланды. Сабақ барысында музыкалық аспаптар жайлы жаңа сөздер өтілді. Өтілген жаңа сөздербойынша " What musical instruments is this?" атты ойын ойнатты.
Оқушылар мәтінді оқып, аударып , музыкалық стиль жайлы білді. Келесі тапсырмажұптық жұмыс ретінде "True or false" әдісі қолданылды , оқушылар белсене қатысты. Өздік жұмыс "Crossword" әдісімен оқулырды қызықтырды.
"Classroomscreen" платформасы арқылыкері байланыс алынып , жақсы көңіл күйде сабақ аякталды.
Пән мұғалімі Н.А. Исабекова 8 сынып оқушыларына әр аптаның бейсенбі күні «Cognitive English» ақысыз ағылшын тілі үйірмесі жүргізілді.Қатысушылармен төмендегі тақырыптар бойынша сабақтар өткізілді:
«Атамекен» тарих пән бірлестігінің жұмыстарына аналитаклық талдау анықтамасы
Тарих пәні бойынша білім сапасын арттыру мақсатында жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижелері негізінде аналитикалық талдау жасалды. Бұл талдау пән бойынша оқу үдерісінің тиімділігін, оқушылардың білім деңгейін, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, сондай-ақ білім сапасына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды кешенді түрде зерттеу арқылы жүзеге асырылады.
2024-2025оқу жылындағы жүргізілген жұмыстар:
Бірлестіктің 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді.Әдістемелік нұсқау хат негізінде күнтізбелік жоспар жасалды
Тарих пәні бойынша алынған нөлдік бақылау жұмысының нәтижелері, 5-11 сыныптар арасында олимпиадалардың мектепішілік кезеңін ұйымдастыру және өткізу, 9 және 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестацияға дайындау жұмыстары туралы мұғалімдердің есебіне талдау жасалды
Тарих сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Тарих пәні бойынша оқушылардың білім сапасын көтеруге бағытталған мұғалімдерің іс-тәжірибесі зерделеніп, оқушылармен жұмыс істеу барысында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жұмыстарының қорытындысы шығарылды
Талдау барысында қамтылған негізгі бағыттар:
• Оқушылардың үлгерім көрсеткіштері мен оқу нәтижелері;
• Қолданылып жүрген оқыту әдістерінің тиімділігі;
• Мұғалімдердің кәсіби даярлығы мен әдістемелік құзыреттілігі;
• Пән бойынша білім беру мазмұнының жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкестігі;
Талдау қорытындысы бойынша ұсыныстар:
• Заманауи цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану;
• Мұғалімдердің кәсіби дамуын жүйелі түрде ұйымдастыру;
Жүргізілген талдау нәтижелері білім сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды негіздеуге және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді
2024-2025 оқу жылындағы жүргізілген жұмыстар нәтижесін негізге ала отырып, қорытынды жасауға болады:
Мұғалімдер мен оқушылар ұжымының жұмысында өткен жылмен салыстырғанда білім сапасының айтарлықтай артуы байқалады
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстар жүргізіліп жақсы нәтиже байқалды
Дарынды оқушылармен жұмыстар жүргізіліп, оқушылар облыстық олимпиада жүлдегерлері атанды.
2025-2026 оқу жылының мақсаты мен міндеттері:
Математика пәні бойынша аналитикалық талдау оқушылардың білім сапасын, оқу жетістіктерін, оқу процесіндегі кемшіліктер мен жетістіктерді жүйелі түрде зерттеп, нақты қорытындылар мен ұсыныстар беруге бағытталған маңызды құжат. Төменде аналитикалық талдаудың құрылымына сәйкес мысал келтіріледі:
Оқу мақсаты мен міндеттері
Тамыз айының айының соңғы аптасында бірлестік отырысы болды. Жылдық жоспарды бекіту. Факультатив және үйірме, үйден оқыту жұмысының жоспарларын бекіту.Білім олқылықтарының орнын толықтыру және үлгерімі төмен оқушылардың жұмыс жоспарын бекіту
Оқу бағдарламасына сәйкес құжаттарын реттеу және оқу орынбасарына тексертіп, КТЖларын мектеп директорына бекіту қаралды.
Қыркүйек айында оқушылардан 0-дік срез алынып, қорытынды анықтамасы өткізілді.
Қараша айында І тоқсан қорытындысын бірлестік мұғалімдері пән бойынша білім сапалары туралы және жазба жұмыстары жөнінде есебін берді.Қосымша білім беру аясында үйірме жұмысының есебі
ӘБ «Зерде» пән апталығының жоспарын жасау, бекітуге ұсынылды
Пән бірлестігінің оқу-тәрбие жұмысындағы алға қойған проблемасы –әртүрлі адами іс-әрекеттер саласында кездесетін кең ауқымды өмірлік есептерді шешу үшін білім мен біліктерді пайдалану дағдыларын кеңейту, ақпараттық сауаттылық деңгейін көтеру.
11-сынып оқушыларын ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын математика пәнінен Актанова Ұ.И, Шалимбаева Т.Ш жүргізді.
Математика пәнінің мұғалімі Т.Ш. Шалимбаеваның атқарылған жұмыстарының нәтижелері:
18.09.2024жылы «Жетісу облысы ББ Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Кішішыған орта мектебі» КММ-де «Тіл – достықтың айғағы» атты Қазақстан Халықтарының Тілдер онкүндігінде математика пәні мұғалімі Т.Ш. Шалимбаева 6- сыныптар арасында «Жүйрік болсаң озып көр...» математикалық сайыс сабағын оқушылардың ой-танымын арттыру, пікір ұстанымын қалыптастыру. пәнге қызығушылығын, оқуға ынтасын арттыру, математика пәнінен алған білімдерін тереңдету, функционалдық білімдерін арттыру өз ойларын және пікірлерін ашық білдіруге тәрбиелеу мақсатында өткізді.
Ютуб каналыма http://www.youtube.com/@tolkynshalimbaeva9127
және мектептің фейзбугына https://www.facebook.com/share/v/a9dupdHUJNrgEAA3/?mibextid=WC7FNe жарияланды.
2024-2025 оқу жылында «Зерде» пән бірлестігінің апталығында математика пәнінің мұғалімі Шалимбаева Толқын Зерде пән бірлестігі өткізген пән апталығында 21.11.24ж 6 «Б» сыныбында «Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану» тақырыбында үлгі сабақ өтті. Мақсаты: 6.1.2.22 Рационал сандармен арифметикалық амалдарды орындау.
Сабақта оқушылар: -Рационал сандарды қосуды меңгереді; - Рационал сандарды азайтуды меңгереді;- Рационал сандармен арифметикалық амалдарды орындайды;Сабақта сыныптағы әр оқушыларға сабақ барысында берілетін тапсырмалардың қалыптастырушы бағалау парағы беріліп отырды. Оқушыларға «ZipGrede» әдісімен тест тапсырмалары берілді. «Миға шабуыл» стратегиясы, «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі қолданылды.
Математика пәнінің мұғалімі У.И.Актанованың атқарылған жұмыстарының нәтижелері:
8«Ә» сыныбымен 21.11.2024жылы «Пифагор теоремасы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Пифагор теоремасын біледі;Пифагор теоремасын дәлелдейді;Пифагор теоремасын қолданып есептер шығарады.
Математика пәнінің мұғалімі Ә.М. Дүйсенқожаның атқарылған жұмыстарының нәтижелері:
Аудандық «математикалық регата» аудан математика мұғалімдері арасында өткен олимпиадасында 2 орынды иеленді. 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында құрмет грамотасымен марапатталды.
2024-2025 оқу жылында «Зерде» пән бірлестігінің апталығында математика пәнінің мұғалімі Дүйсенқожа Әсел 20.11.2024ж қосындысы тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің формуласы мен қасиеттерін білу.
Математика пәнінің мұғалімі А.Байгалийдың атқарылған жұмыстардың нәтижелері:
Қазақстанның ауыл мектептерінің 8-сынып оқушыларын ағымдағы оқу жылы IQanat олимпиадасына 8 «Ә» сынып оқушылары: Жақсылық Абай, Исламғазы Айзере,Нұрдәулет Қарақат,Тәлімжанов Санжар, Тұрғанғазы Нұрай .Тұрсынғалиұлы Бекнұр тіркелді. 31.10.2024 қазанның Үлкеншыған орта мектебінде өтіледі.5-6сынып арасынан мектепшілік “Алтын сақа ”олимпиадасы өтілді.Жамыхан Алина,Әуелхан Жания ауданға өтті .08.11. аудандық олимпиада болады.
Жас мамандар семинарға барып 07.01.2025ж.Семинар жас мамандар арасында жарыс түрінде болды 1дәрежелі диплом алдық командамен.
2024-2025 оқу жылында «Зерде» пән бірлестігінің апталығында математика пәнінің мұғалімі Байғалий Амангуль 5 сыныпқа «Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Аралас сандарды қоса алады және азайта алады. Натурал саннан аралас сандарды азайта алады;
2024-2025 оқу жылындығы химия, биология, география пәні бойынша білім сапасын көтеру жөніндегі аналитикалық талдау
Теория мен практиканың арақатынасы сақталған.
Тәжірибелік жұмыстар мен зертханалық жұмыстар жүйелі өтті.
Биологиялық зерттеулер мен тәжірибелер орындалды.
Географияның картамен жұмыс істеу дағдылары дамытылды
2. Атқарылған жұмыс түрлері:
-Ашық сабақтар, пән апталықтары, сайыстар ұйымдастырылды;
-Дарынды оқушылармен жекелеген жұмыстар жүргізілді
-ҰБТ, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларына бағытталған дайындықтар жасалды;
-Оқу сауаттылығын дамыту мақсатында PISA, форматындағы тапсырмалар қолданылды.
3. Мұғалімдердің кәсіби дамуы
Мұғалімдер түрлі деңгейдегі курстар мен вебинарларға қатысты;
Оқу бағдарламасы бойынша апталық кезінде әдістемелік семинарлар өтті.Оқытуда заманауи әдістер қолданылдыБЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша сараптама жасалды.Дарынды оқушылармен, артта қалған оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді.Интерактивті әдістер (Padlet, Quizlet, Google Classroom) қолданылды. Google Earth, ArcGIS сияқты цифрлық құралдар қолданылдыҚашықтықтан оқыту жағдайында бейне сабақтар мен вебинарлар ұйымдастырылды.
Әдістемелік кеңестерде, оқыту семинарларында оқушылардың білім сапасын көтеру бойынша келесі мәселелер қаралды : «Мектепте цифрлық сауаттылықты дамыту» , «Lesson Study» тәсілі арқылы білім сапасын арттыру жолдары», «Информатика сабағында формативті бағалау жұмысының жүргізілуі» , «Жаңа технологиялар негізінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, «Тәлімгерлердің жас мамандармен жүргізген жұмыстарын талдау» «Цифрлық ұстаз» жобасы бойынша мониторинг жұмыстарымен таныстыру, «Орыс тілі сабақтарындағы тиімді кері байланыс – мұғалім жетістігі» , «Тарих сабақтарында оқушылардың зерттеушілік, ізденушілікке бағытталаған тапсырмалардың сабақтағы көрінісі» , «Бастауыш сыныптарда дыбыс үндестіктерін оқытудағы қиындықтар және оларды шешу жолдары» , «География сабағында PISA тапсырмаларын орындау» ,«БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын әзірлеуде сараптама жасай алудың тиімділігі» тақырыптарында зерттеуші және сарапшы санатындағы мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен бөліскен.
Сондай-ақ , әдістемелік кеңесте әр пәннің сапасы анықталып, олқылықтардың орнын толтыру барысында жұмыстар атқарылды. Мысалы: Қазақстан тарихы пәнінен қиындық туғызған тақырыптар анықталып, пән мұғалімі сапаны көтеруде жеке оқушылармен жұмыс жасап, нәтижесінде оқушысы облыстық олимпиадада жүлделі орын алды.
Ұсыныстар:
Мектептің әдістемелік жұмысы жалпы алғанда жүйелі түрде жүргізіледі. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру бағытында оң өзгерістер байқалады. Кемшіліктер бойынша нақты шаралар жоспарланған.
Құрастырған: Илипова А.Б. директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары
«Кішішыған орта мектебі мектебі » КММ
мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша 2024-2025 оқу жылында білім сапасын көтеру мақсатында жүргізілген жұмыстар бойынша анықтамасы
Күні: _ ____ 20___ жыл
Құрастырған: директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Илипова
Қарастырылған: Әдістемелік кеңес отырысында №5 хаттама , 2025 ж.
Мектепте 9 пән бірлестігі құрылған. Барлық бірлестіктің жылдық жұмыс жоспары, бірлестік отырыстарының жоспары, онда қаралған мәселелердің жинақ материалдары және хаттамалары толық жазылған. Әр тоқсан сайын өткізілетін бірлестік отырыстарында пән бойынша білім сапасы мониторингі жүргізіледі және алдынғы мониторингпен салыстырғанда оң не теріс нәтижелер атап өтіледі.
- Өткен жылғы атқарылған жұмыстардың сараптамасы; 2023-2024 оқу жылының оқу әдістемелік жұмысты талдауында бірыңғай әдістемелік қызметтің бағдарламасы формалары мен тиімділігі көрсетілген. Swot талдау жасалған. Swot талдауды басшылыққа алып, МІБ жоспары жасалған.
2024-2025 оқу жылында мектепте 34 сынып комплектісі жинақталған. 4-тоқсанды 0-11 сыныптар арасында 793 оқушы, оның 361-і қыз, 1-11 сыныптар арасында 728 оқушы, 333-і қыз баламен бастадық. 7 оқушы келді: 5 оқушы ауданнан, 1 оқушы ҚХР-нан, 1 оқушы Республикадан келді. 3 оқушы кетті: 2оқушы ауданға, 1 оқушы Республикаға кетті.
4-тоқсанды 0-11 сыныптар арасында 797 оқушы, 362-і қыз. 1-11 сыныптар арасында 732 оқушы, 335 қыз баламен аяқтадық. Даярлық сыныпта 65 оқушы. Үйден оқитын 7 оқушы, 7 оқушы бейімделген жалпы білім беру бағдарламасымен оқиды.
11 сыныпта 36 оқушы, «Алтын белгіге» үміткерлер 4 оқушы:
11 «А» Иманғазы Әсел, Байжұма Меруерт, Нұрмұхамет Диана
11 «Ә» Әлім Шахризада
«Үздік» аттестатқа үміткерлер 4 оқушы:
11«А» сыныбынан: Жүнісқан Ақсана, Мұхитұлы Мақсат,
11 «Ә» сыныбынан: Ибрагим Аяжан, Мұқатжан Ұлбосын.
9- сыныпта 75 оқушы. «Үздік» аттестатқа үміткер оқушылар сегіз оқушы.
9 «А» сыныбынан: Әбдіқалық Айым, Темирханова Сафиназ.
9 «Ә» Дәукен Алтынай, Таутесер Аяжан.
9«Б» - Барат Әділет, Мұқатжан Мирас, Нұрәділ Даниал, Нұртілеу Айзере.
2024-2025 оқу жылының 1 - тоқсан бойынша білім сапасы 64,2%, қыздардың білім сапасы 77%-ды көрсетті, биылғы 2- тоқсан қорытындысы 63,4%, қыздардың білім сапасы 75,5%-ды көрсетті, 3- тоқсан қорытындысы 64,8%, қыздардың білім сапасы 75,8%-ды көрсетті. 4- тоқсан қорытындысы 64,6%, қыздардың білім сапасы 76,9%-ды көрсетті 3- тоқсанмен салыстырғанда 0,2%-ға төмендегені байқалды.
1-3-тоқсандағы 1-11 сыныптардың білім сапасының қорытындысы
| Сынып | 2 | 3 | 4 | 2-4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 5-9 | 10 | 11 | 10-11 | 2-11 |
| Барлық оқушы | 70 | 73 | 71 | 214 | 71 | 64 | 87 | 67 | 72 | 361 | 41 | 34 | 75 | 650 |
| Сапа % 1-тоқсан | 71 | 65 | 64 | 67 | 67 | 69 | 59 | 61 | 61 | 62 | 65 | 64 | 64 | 64,2 |
| Сапа % 2-тоқсан | 67 | 64 | 63 | 65 | 66 | 62 | 59 | 62 | 61 | 62 | 63 | 64 | 64 | 63,4 |
| Сапа % 3-тоқсан | 71 | 67 | 66 | 68 | 66 | 66 | 59 | 62 | 61 | 63 | 62 | 64 | 63 | 64,8 |
| Сапа % 4-тоқсан | 68 | 67 | 67 | 67 | 67 | 66 | 59 | 62 | 62 | 63 | 62 | 63 | 63 | 64,6 |
| 2-11 сынып | 1- тоқсан | 2- тоқсан | 3- тоқсан | 4- тоқсан |
| Оқушы саны | 659 | 650 | 653 | 655 |
| Үздіктер | 139 | 125 | 144 | 152 |
| Озаттар | 284 | 287 | 279 | 271 |
| Білім сапасы % | 64,2 | 63,4 | 64,8 | 64,6 |
1- 4 тоқсанның сыныптар бойынша білім сапасы мен үлгерімі
| Сынып | 2 «А» | 2 «Ә» | 2 «Б» | 3 «А» | 3 «Ә» | 3 «Б» | 4 «А» | 4 «Ә» | 4 «Б» |
| Жетекшісі | Аукенова Н.Ж | Алпысбаева Т.Ы | Мустапаева З. | Жылқыбаева Г.О | Нүсіпбекова А.С | Бимухаметова А.Е | Ағыбаева А.Қ | Ибраимова А.Қ | Молдагулова Б |
| 1-тоқсан | 68 | 73 | 72 | 65 | 65 | 65 | 69 | 58 | 66 |
| 2- тоқсан | 68 | 65 | 68 | 65 | 62 | 65 | 65 | 58 | 66 |
| 3- тоқсан | 72 | 68 | 72 | 68 | 68 | 65 | 65 | 62 | 70 |
| 4- тоқсан | 68 | 63 | 72 | 68 | 68 | 65 | 65 | 66 | 69 |
| Айырма шылығы | -4 | -5 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | +4 | -1 |
5-8 сыныптар
| Сынып | 5 «А» | 5 «Ә» | 5«Б» | 6 «А» | 6 «Ә» | 6«Б» | 7«А» | 7 «Ә» | 7 «Б» | 8 «А» | 8 «Ә» | 8 «Б» |
| Жетекшісі | Ибраимова Ж.Е | Құрманбекова С.С | Имамбекова Г.А | Ниетбаева К.Б | Шапағатов С .Т | Ибраимкулова Н.Т | Алаева А.А | Абдрахманова О.А | Садыкова Г.А | Сүлейманова Ш.А | Исабекова Н.А | Әлембек Жансая |
| 1- тоқсан | 72 | 72 | 59 | 59 | 52 | 69 | 58 | 55 | 63 | 62 | 64 | 57 |
| 2-тоқсан | 60 | 70 | 66 | 59 | 52 | 76 | 55 | 60 | 63 | 60 | 66 | 60 |
| 3-тоқсан | 66 | 70 | 62 | 63 | 62 | 72 | 58 | 60 | 60 | 60 | 65 | 62 |
| 4-тоқсан | 65 | 70 | 66 | 63 | 61 | 72 | 58 | 58 | 60 | 60 | 65 | 61 |
| Айырмашылығы | -1 | 0 | +4 | 0 | -1 | 0 | 0 | -2 | 0 | 0 | 0 | -1 |
9-11 сыныптар
| Сынып | 9 «А» | 9 «Ә» | 9 «Б» | 10 «А» | 10 «Ә» | 11 «А» | 11 «Ә» |
| Жетекшісі | Тишибаева Г.С | Ниетбаева Ғ.Б | Бимурзанова К.Б | Актанова Ұ. Е | Жакаева А | Анадуллаева Л. М | Нүсіпова Л.Т |
| 1- тоқсан | 60 | 60 | 65 | 68 | 62 | 63 | 66 |
| 2-тоқсан | 62 | 60 | 60 | 63 | 63 | 61 | 68 |
| 3-тоқсан | 62 | 59 | 62 | 66 | 57 | 61 | 68 |
| 4-тоқсан | 62 | 59 | 62 | 66 | 57 | 65 | 62 |
| Айырмаш/ғы | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | +4 | -6 |
1-4 тоқсан пәндер бойынша білім сапасы
| Пән | Қазақ тілі | Қазақ әдебиеті | Орыс тілі | Ағылшын тілі | Қазақстан тарихы | Дүниежүзі тарихы | География | ||||||||
| 1-тоқсан | 72 | 74 | 74 | 71 | 67 | 70 | 67 | ||||||||
| 2-тоқсан | 73 | 73 | 73 | 72 | 69 | 69 | 68 | ||||||||
| 3-тоқсан | 74 | 71 | 74 | 72 | 69 | 77 | 65 | ||||||||
| 4-тоқсан | 74 | 73 | 73 | 72 | 69 | 70 | 66 | ||||||||
| Пән | Математика | Геометрия | Физика | Информатика | Химия | Биология | |||||||||
| 1-тоқсан | 68 | 66 | 68 | 73 | 67 | 66 | |||||||||
| 2-тоқсан | 68 | 65 | 68 | 79 | 66 | 66 | |||||||||
| 3-тоқсан | 70 | 66 | 68 | 69 | 66 | 67 | |||||||||
| 4-тоқсан | 69 | 66 | 69 | 79 | 65 | 68 | |||||||||
Жоғары білім сапасын көрсеткен сыныптар
| Сыныптар | Сынып | Білім сапасы | Сынып жетекшісі |
| 2-4 | 2 «Б» 4«Б» | 72% 69% | Мустапаева З Молдагулова Б |
| 5-9 | 6 «Б» 5«Ә» | 72% 70% | Ибраимкулова Н.Т Курманбекова С |
| Сыныптар | Сынып | Білім сапасы | Сынып жетекшісі |
| 5-11 | 7 «А» 7 «Ә» | 58% 58% | Алаева А.А Абдрахманова О.А |
| 10 «Ә» | 57% | Жакаева Айжан |
2024-2025 оқу жылындығы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білім сапасын көтеру жөніндегі аналитикалық талдау
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білім сапасына жүргізілген талдау «Заңғар» пән бірлестігінің жылдық жұмысы негізінде жасалды.
Негізгі проблемалар мен себептер:
- Оқушылардың сөздік қорларының шектеулі болуы, көркем әдебиет оқуға қызығушылықтың төмендігі;
-Жазба жұмыстарда грамматикалық қателердің көптеп кездесуі;
-Оқу сауаттылығы, мәтінмен жұмыс істеу дағдылары жеткіліксіз;
-Онлайн платформа мен цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану деңгейінің төмендігі;
-Кейбір сыныптарда ата-аналар тарапынан бақылаудың әлсіздігі.
Атқарылған жұмыс түрлері:
-Ашық сабақтар, пән апталықтары, сайыстар ұйымдастырылды;
-Дарынды оқушылармен жекелеген жұмыстар жүргізілді (шығарма, эссе, көркем оқу);
-ҰБТ, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларына бағытталған дайындықтар жасалды;
-Мектеп кітапханасымен бірлесе отырып, оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі таратылды;
-Оқу сауаттылығын дамыту мақсатында PISA, PIRLS форматындағы тапсырмалар қолданылды.
Мұғалімдердің кәсіби дамуы
Мұғалімдер түрлі деңгейдегі курстар мен вебинарларға қатысты;
Оқу бағдарламасы бойынша апталық кезінде әдістемелік семинарлар өтті.
Алдағы оқу жылына ұсыныстар мен жоспарлар:
Жазғы кезеңде оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру үшін"Оқимыз – ойлаймыз – дамимыз!" жобасын іске қосу;
-5–9 сынып оқушыларына арналған "Шығармашылық клуб" жұмысын ұйымдастыру;
-Қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс жүйесін жетілдіру;
-Әдеби кейіпкерлерге арналған театралды қойылымдар өткізу;
-Сабаққа цифрлық ресурстар мен ойын элементтерін енгізу (Kahoot, Quizizz, Wordwall т.б.).
Бірлестік тарапынан атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді. Дегенмен, оқу сауаттылығын жетілдіру, шығармашылық бағыттағы жұмыстарды күшейту, цифрлық ресурстарды пайдалану сияқты бағыттарда әлі де жүйелі жұмысты қажет етеді. Жоғары нәтижеге жету үшін оқушы – мұғалім – ата-ана үштігі арасындағы тығыз байланыс басты назарда болуы тиіс.
Ағылшын тілі пәні бойынша білім сапасын көтеру жұмыстарына жүргізілген аналитикалық талдау
Ағылшын тілі пәні бойынша білім сапасын арттыру мақсатында жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижелері негізінде аналитикалық талдау жасалды. Бұл талдау пән бойынша оқу үдерісінің тиімділігін, оқушылардың білім деңгейін, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, сондай-ақ білім сапасына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды кешенді түрде зерттеу арқылы жүзеге асырылды.
Аналитикалық талдау барысында қамтылған негізгі бағыттар:
- Оқушылардың үлгерім көрсеткіштері мен оқу нәтижелері;
- Қолданылып жүрген оқыту әдістерінің тиімділігі;
- Мұғалімдердің кәсіби даярлығы мен әдістемелік құзыреттілігі;
- Пән бойынша білім беру мазмұнының жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкестігі;
- Тілдік ортаның қалыптасу деңгейі және қосымша білім беру мүмкіндіктері (үйірмелер, олимпиадалар, онлайн ресурстар);
- Саралап оқыту әдістерін кеңінен қолдану;
- Оқытудың коммуникативтік тәсілдерін енгізу;
- Заманауи цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану;
- Мұғалімдердің кәсіби дамуын жүйелі түрде ұйымдастыру;
- Оқушылардың практикалық тілдік дағдыларын дамыту бағытындағы жұмыстарды күшейту.
Тілдік, интеллектуалдық, апталық, декадалардың жүргізілуі туралы. 2024-2025 оку жылында 1 тоқсан да «Тіл мерекесіне» арналған іс -шара бойынша жұмыс жүргізді.
19.09.2024 жылы Тілдер апталығында Funny English 7 сыныптар арасында сайыс өткізілді.The intellectual game «Funny English»
Сабақтың мақсаты: Oқушылардың пәндерге қызығушылықтарын оята отырып логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, зейінді болуға тәрбиелеу. Ана тілін құрметтеп, өзге тілді үйренуге баулу.
19.09.2024 жылы “Жетісу облысы ББ Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі” “Кішішыған орта мектебі’ КММ “Тіл достық айғағы’”атты Қазақстан Халықтарының Тілдер он күндігінде ағылшын пәні мұғалімі Әлембек Ж 7 сыныптар арасында “Funny English”сынып арасында топтық саайыс өткізілді .Сайыс мақсаты оқушылардың ой танымын арттыру,пәнге қызығушылығын арттыру , өзге тілді үйрену керек екенін түсігдіру ,оқуға ынтасын арттыру.Өз ана тілімізді құрметтеп өзге тілді үйренуге баулу.
05.12.2024 жылы 3б сынып оқушыларымен ағылшын тілі пәнінен Әлімбек Жансая «Weather and clothers» Clothes I wear.тақырыбында үлгі сабақ өтті.Сабақтың мақсаты :Ауа-райы және жыл мезгілдеріне жыл мезгіліне сай киім түрлерін білу және жыл мезгіліне сай сөздерді,киімдерді жаттату және уйрету .Балаларға киім туралы ауа райы туралы әңгімелесуге үйрету. Сөздік қорларын молайту .Сыни тұрғыдан ойлану арқылы тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың есте сақтау ,айтылым мен жазылым дағдыларын қалыптастыру.
1 Greeting (Сәлемдесу)
2 Warm up “Back tracing”
3 Introducing a new theme
4 Pair work
Сабақ барысында ауа райы және ауа райына байланысты киім түрлерін оқушылар ән түрінде Get Dressed for the Day Song / the Singing Walrus әнін айтып жаттап үйренді. Сабақ барысында қолданылған әдістер :«Puzzle» сәйкестендіру және «Yes or No» сұрақ жауап әдісі шаттық шеңбері және сергіту жаттығуы орындалды. Сабақта әр түрлі көрнекіліктер және жұптық тапсырмалар орындалды
05.01.2025 ағылшын тілі мұғалімі Әлембек Жансая - II тоқсан қысқы демалыс кезінде 8б сынып ағылшын тілінен үйірме жұмысы жүргізілді
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Еліміздің шет елдермен қарым – қатынасымыз күшейіп отырған кезде балалардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.
Үйірменің мақсаты : Балалардың шет тіліне қызығушылығын оятқан кезде ғана кез келген жетістіктерге жетуге болады, яғни оқытудың ең бастысы әр түрлі заманауи дидактикалық ойын арқылы балалардың тілге деген құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру. Бұл дегеніміз қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
02 желтоқсан 3 «A» сыныбында пән мұғалімі Мелдеш Б.Ғ.«Seasons and Weather » тақырыбында үлгі сабақ өтті.Сабақтың мақсаты: оқушыларға мәтінді оқыту, ауа - райы және мезгілдер туралы түсінік беру.Қысқа мәтіндегі негізгі ойды табу,түсіну,сөздерді дұрыс айту.
Сабақ барысында оқушылар жылдың төрт мезгілі туралы қысқа мәтінді оқып,ауа – райына байланысты “Rain,rain go away!” өлең жолдарын айтты.
Күтілетін нәтижелер:“ Seasons and Weather ” берілген тақырып бойынша оқып,сөздерді дұрыс айта алады.Сабақта Pre-reading, While reading, Post reading кезеңдерінде тапсырмалар орындалды. «Magic box», «Puzzle» әдістері қолданылды. Сабақ соңында бағалау парағы бойынша оқушылар өздерін бағалады.
Аудандық "Зерде" ғылыми жобалар байқауында 6"Б" сынып оқушысы Тоқбай Айша "Жасанды интелект-ағылшын тілін үйренудің заманауи тиімді жолы" тақырыбында жұмысы үшін 3-орынға ие болды.
Пән мұғалімі Ғ.Б.Ниетбаева 6 сыныптарда ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру және тыңдалым дағдысын дамыту мақсатында, сабақтан тыс кезде "Rio 2" мультфильмын ағылшын тілінде көрсетті.
«Кішішыған орта мектебі» коммуналдық мекемесінде ағылшын тілі пәні мұғалімдері Исабекова Н.А, Болысбек Шоқан «Заманауи мұғалім» тақырыбында коучинг өтті.
Коучинг мақсаты: мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамыту, жаңа педагогикалық әдістер, ЖИ жұмыс жасауды үйрету, оқыту процесін жетілдіру. Міндеттері: мұғалімдерге өз білімдерін жаңарту және жетілдіру мүмкіндіктерін ұсыну; топтық жұмыстар арқылы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамыту.
Оқу нәтижелері: Мұғалімдер ЖИ, платформалармен танысады, олармен жүйелі жұмыс жүргізуді ұйымдастырады, сабақ барысында ЖИ, платформалар арқылы берілетін тапсырмаларды ойластырады, орындайды, дамыту жұмыстарын саралайды.
Түйінді идеялар: ЖИ, платформалардың ерекшеліктерін айқындап, олармен жүйелі жұмыс жүргізе отырып, табысты оқытуға қол жеткізу.
Коучинг барысында мұғалімдер психологиялық ахуалды қалыптастыруда өлең жолдарын қимылмен көрсете отырып амандасты. Миға шабуыл ретінде «4 балауыз шам»бейнеролигі көрсетілді, «Қар кескіні» ойыны ойнатылып, «Коллаж» әдісі арқылы тақырыпты ашты. Заманауи мұғалім қандай болу ЖИ туралы мәлімет алып, joyteka, kahoot, emaze, gamma ai. Тағы басқа платформалармен танысып қана қоймай, тапсырмалар да орындады. Коучинг соңында қатысушылар www.menti.com арқылы кері байланыс берді.
https://www.facebook.com/share/1CwtXW8q3e/?mibextid=wwXIfr әлеуметтік желіге жарияланды.
20.01- 24.01.2025 жыл аралығында ағылшын тілі апталығы болып өтті. Апталық іс – шарасында үлгі сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілді. Пән мұғалімі Н.А.Исабекова 21қаңтар 9 «Б» сыныбында «The best libraries in the world» тақырыбында үлгі сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оқушыларға мәтінді оқыту, әлемдегі ең танымал кітапханалар, соның бірі АҚШтағы “The Library of Congress” туралы түсінік беру, берілген тұжырымдарды мәтіндегі фактімен салыстыру.
Күтілетін нәтижелер:«The best libraries in the world»тақырыбы бойынша белсенді сөздерді біледі,берілген тақырып
бойынша оқып-үйренген лексика- грамматикалық материалды сөйленім құрастыруда қолданады, танымал кітапханалар
және олардың қызметі жайлы айта біледі. Сабақта Pre-reading, While reading, Post reading кезеңдерінде тапсырмалар
орындалды. «Entrance and exit ticket», «Quizziz» әдістері қолданылды. Сабақ соңында бағалау парағы бойынша
оқушылар өздерін бағалады. Сабақ facebook парақшасына жарияланды
https://www.facebook.com/share/v/15d71YL3XU/?mibextid=wwXIfr
23.01.2025 күні ағылшын тілі мұғалімі Болысбек Шокан “Teen’s problems” тақырыбында 10ә сыныбымен үлгі сабағын өткізді.Сабақтың мақсаты “10.4.1-understand main points in extended texts on a wide range of unfamiliar general and curricular topics;10.3.2.1 - ask and respond to complex questions to get information about a wide range of general and curricular topics;” Ол сабақты жүйелі өтті. Сабақта оқылым,айтылым,жазылым дағдылары қамтылды.Оқушылар сабаққа белсене қатысты. АКТ-ны тиімді пайдаланып, “Wordwall”, “Blooket” оқыту платформаларын қолданды.Кері байланысқа “Mentimetеr” платформасын қолданды.
23 қаңтар күні 3 «Б» сыныбында ағылшын тілі пәнінен пән мұғалімі Әлембек Жансая Айтбекқызы «Best Friends. My Toys and Sports I Like» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға ойыншықтар мен спорт түрлеріне байланысты жаңа сөздерді меңгерту, has got/have got құрылымдарын қолдануды үйрету, сондай-ақ a, an, the артикльдерін дұрыс қолдануға жаттықтыру.
Сабақ психологиялық ахуал қалыптастырудан басталды. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабаққа дайындықтарын білдірді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы бейнематериал негізінде жаңа сөздерді анықтап, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындады.Сабақ барысында жасанды интеллект қолданылып жұптық, топтық және жеке жұмыстар орындалды. Оқушылар интерактивті әдістер арқылы жаңа сөздерді меңгерді, «Тыңда, көрсет және айт» ойынын ойнады, ал «Сәйкестендіру» тапсырмасында ойыншықтар мен спорт түрлерін дұрыс анықтады. Топтық оқу барысында оқушылар Toys and Sports Around the World мәтінін тыңдап, негізгі ақпаратты тауып, сұрақтарға жауап берді.Грамматикалық бөлімде оқушылар a, an, the артикльдерін дұрыс қолдануды үйренді. Сабақта Baamboozle.com платформасы арқылы интерактивті тапсырмалар орындалды.Сабақ соңында оқушылар жұптық жұмыс жасап, диалог құру арқылы has got/have got құрылымын қолдануды пысықтады. «Magic Box», «Puzzle» әдістері қолданылып, оқушылардың қызығушылығы артты.Сабақ соңында «Weather Emoticons» сандық әдісі кері байланыс әдісі қолданылып, оқушылар сабақтың ұнағанын және материалды жақсы түсінгендерін білдірді.Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Сабақ мақсаты толық орындалды.
23.01.2025 күні ағылшын тілі мұғалімі Шапагатов Самат Талапканович“Teen’s problems” тақырыбында 10 а сыныбымен сабақтан тыс іс шара өткізді.Іс шараның м мақсаты “Оқушылардың ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін ары қарай дамытып олардың ағылшын тілінде қаншалықты еркін сөйлейтінін анықтап ары қарай сөздік қорын дамыту ;” сайыс жүйелі өтті. Сабақта оқылым,айтылым,жазылым дағдылары қамтылды.Оқушылар сабаққа белсене қатысты. АКТ-ны тиімді пайдаланып, Сайыс сабақ өте қызықты өтіліп жүлделі орын алған оқушылар марапаттармен мадақталынды.
22 қаңтар күні 4 «A» сыныбында пән мұғалімі Мелдеш Б.Ғ. «Weather» тақырыбында үлгі сабақ өтті.Сабақтың мақсаты: оқушыларға мәтінді оқыту, ауа – райына байланысты жаңа сөздерді меңгерту,қарапайым сөйлемдер құрастыру. Қысқа мәтіндегі негізгі ойды табу,түсіну,сөздерді дұрыс айту.
Cабақ психологиялық ахуал арқылы басталып ,оқушылардың көңіл – күйі анықталды,оқушылар бір – біріне жақсы тілектерін айтты.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы берілген сұрақтарға жауап беріп,сабақтың тақырыбы және мақсатын оқушылар анықтады.
Жұптық,топтық,жеке жұмыстар орындалды,оқушылар тақырыпты толық меңгеріп,Флешкартамен жауап берді.
Сабақ барысында оқушылар қысқа мәтінді оқып,ауа – райына байланысты “What is the weather like!” өлең жолдарын айтты.Сабақ барысында «Wordwall» платформасы қолданылып,смарт тақта тиімді пайдаланылды.
Күтілетін нәтижелер:“ Weather ” берілген тақырып бойынша шағын мәтінді оқып,сөздерді дұрыс айта алады.Сабақта Pre-reading, While reading, Post reading кезеңдерінде тапсырмалар орындалды. «Magic box», «Puzzle» , «Umbrella» әдістері қолданылды. Сабақ соңында «Ұлттық құндылықты» дәріптеу мақсатында бағалау парағы қолданылып оқушылар бағаланды.Кері байланысқа «Weather emoticons» әдісі қолданылды. Оқушылар сабаққа қызығып,сабақты жақсы түсіндік деген кері байланыс жасады
24.01.2025 жылы ағылшын тілі мұғалімі Бегімбекова Жұлдыз 5"А" сыныбына үлгі сабақ өтті . Сабақ тақырыбы: Musical instruments .
Сабақ мақсаты: музыкалық аспаптар туралы жаңа сөздер үйрену.Қысқа мәтіндегі негізгі ойды табу,түсіну,сөздерді дұрыс айту.
Үлгі сабақты бастамас бұрын оқушыларға бағалу түрі түсіндірілді. Багалау "English bank" әдісі арқылы бағаланды. Сабақ барысында музыкалық аспаптар жайлы жаңа сөздер өтілді. Өтілген жаңа сөздербойынша " What musical instruments is this?" атты ойын ойнатты.
Оқушылар мәтінді оқып, аударып , музыкалық стиль жайлы білді. Келесі тапсырмажұптық жұмыс ретінде "True or false" әдісі қолданылды , оқушылар белсене қатысты. Өздік жұмыс "Crossword" әдісімен оқулырды қызықтырды.
"Classroomscreen" платформасы арқылыкері байланыс алынып , жақсы көңіл күйде сабақ аякталды.
Пән мұғалімі Н.А. Исабекова 8 сынып оқушыларына әр аптаның бейсенбі күні «Cognitive English» ақысыз ағылшын тілі үйірмесі жүргізілді.Қатысушылармен төмендегі тақырыптар бойынша сабақтар өткізілді:
- Clothing Қатысушылар күнделікті киім атауларын, олардың сипаттамаларын үйреніп, диалог құру арқылы тәжірибе жасады.
- Travel
Саяхаттау кезінде қолданылатын сөз тіркестері мен сөйлем үлгілері қарастырылып, әуежай, қонақүй, жол жүру жағдайларына байланысты - PossessiveCase
Ағылшын тіліндегі иелік формалар (my, your, John’s book, etc.) түсіндіріліп, практикалық тапсырмалар арқылы бекітілді. - Appearance.DescribingPeople
Адамның бойы, шашы, көзі, киімі және мінезі туралы сөйлем құрастыру дағдылары дамытылды. - Adjectives and Adverbs. Degrees of Comparison
Сын есім мен үстеулердің бастапқы, салыстырмалы және күшейтпелі түрлері меңгерілді (fast – faster – the fastest). - Sights of London
Лондон қаласының көрікті жерлері (Big Ben, London Eye, Tower Bridge, т.б.) туралы мәтіндер оқылып, аударма жұмыстары жүргізілді. - Prepositions and Conjunctions. Revision (Болыстар мен жалғаулықтар. Қайталау)
Негізгі болыстар мен жалғаулықтар қайталанып, грамматикалық жаттығулар орындалды.
«Атамекен» тарих пән бірлестігінің жұмыстарына аналитаклық талдау анықтамасы
Тарих пәні бойынша білім сапасын арттыру мақсатында жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижелері негізінде аналитикалық талдау жасалды. Бұл талдау пән бойынша оқу үдерісінің тиімділігін, оқушылардың білім деңгейін, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, сондай-ақ білім сапасына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды кешенді түрде зерттеу арқылы жүзеге асырылады.
| р/с | Мұғалімдердің аты-жөні | Білімі | Еңбекөтілі | Біліктіліксанаты |
| 1 | Ниетбаева Кульбаршин Батырхановна | жоғары | 21 жыл | педагог-сарапшы 2020 |
| 2 | Анадуллаева Луиза Муратовна | жоғары | 18 жыл | педагог-сарапшы 2020ж |
| 3 | Бимурзанова Кулгайша Бейсембековна | жоғары | 14жыл | педагог -сарапшы 2024 ж растады |
| 4 | Джанаева Гульнар Исаевна | жоғары | 18 | педагог |
Бірлестіктің 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді.Әдістемелік нұсқау хат негізінде күнтізбелік жоспар жасалды
Тарих пәні бойынша алынған нөлдік бақылау жұмысының нәтижелері, 5-11 сыныптар арасында олимпиадалардың мектепішілік кезеңін ұйымдастыру және өткізу, 9 және 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестацияға дайындау жұмыстары туралы мұғалімдердің есебіне талдау жасалды
Тарих сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Тарих пәні бойынша оқушылардың білім сапасын көтеруге бағытталған мұғалімдерің іс-тәжірибесі зерделеніп, оқушылармен жұмыс істеу барысында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жұмыстарының қорытындысы шығарылды
Талдау барысында қамтылған негізгі бағыттар:
• Оқушылардың үлгерім көрсеткіштері мен оқу нәтижелері;
• Қолданылып жүрген оқыту әдістерінің тиімділігі;
• Мұғалімдердің кәсіби даярлығы мен әдістемелік құзыреттілігі;
• Пән бойынша білім беру мазмұнының жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкестігі;
Талдау қорытындысы бойынша ұсыныстар:
• Заманауи цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану;
• Мұғалімдердің кәсіби дамуын жүйелі түрде ұйымдастыру;
Жүргізілген талдау нәтижелері білім сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды негіздеуге және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді
| № | Аты -жөні | сыныптар | 1 тоқсан | 2 тоқсан | 3 тоқсан | 4 тоқсан |
| 1 | Ниетбаева Кульбаршин Батырхановна | 6а, 6ә , 7а, 7ә , 10а, 11ә | 67,3 | 68,8 | 70,8 | 70,8 |
| 2 | Анадуллаева Луиза Муратовна | 6б, 8а, 8б , 9а, 11а | 66,1 | 67,3 | 68,8 | 70 |
| 3 | Бимурзанова Кулгайша Бейсембековна | 5а, 8ә, 9б ,9ә 10ә, | 68,9 | 67,5 | 68,4 | 69,8 |
| 4 | Джанаева Гульнар Исаевна | 5ә,5б, 7б, | 66,6 | 66,6 | 69 | 69 |
Мұғалімдер мен оқушылар ұжымының жұмысында өткен жылмен салыстырғанда білім сапасының айтарлықтай артуы байқалады
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстар жүргізіліп жақсы нәтиже байқалды
Дарынды оқушылармен жұмыстар жүргізіліп, оқушылар облыстық олимпиада жүлдегерлері атанды.
2025-2026 оқу жылының мақсаты мен міндеттері:
- Білім сапасын арттыру;
- Заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізу;
- Дарынды оқушылармен жұмысты жалғастыру;
- Үлгерімі төмен оқушылармен оқлқылықтарды толтыру;
- Тарих пәні бойынша оқушылар мен мұғалімдерге арналған олимпиадаларға белсенді және нәтижелі қатысу;
- Алдағы уақытта оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында жеке, қосымша жұмыстар жүргізіп және жүргізілген жұмыстардың нәтижесін бақылау, талдау.
Математика пәні бойынша аналитикалық талдау оқушылардың білім сапасын, оқу жетістіктерін, оқу процесіндегі кемшіліктер мен жетістіктерді жүйелі түрде зерттеп, нақты қорытындылар мен ұсыныстар беруге бағытталған маңызды құжат. Төменде аналитикалық талдаудың құрылымына сәйкес мысал келтіріледі:
Оқу мақсаты мен міндеттері
- Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру;
- Теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру;
- Логикалық ойлау, есеп шығару дағдыларын дамыту;
- ҰБТ, ОЖСБ, БЖБ, ТЖБ нәтижелерін жақсарту.
| р/с | Мұғалімнің аты -жөні | Санаты | Еңбек өтілі |
| 1 | Т.Ш.Шалимбаева | Педагог-зерттеуші | 27 жыл |
| 2 | У.И. Актанова | Педагог-сарапшы | 24 жыл |
| 3 | А.Байгалий | Педагог | 2 |
| 4 | Ә.М.Дүйсенқожа | Педагог | 1 |
Оқу бағдарламасына сәйкес құжаттарын реттеу және оқу орынбасарына тексертіп, КТЖларын мектеп директорына бекіту қаралды.
Қыркүйек айында оқушылардан 0-дік срез алынып, қорытынды анықтамасы өткізілді.
Қараша айында І тоқсан қорытындысын бірлестік мұғалімдері пән бойынша білім сапалары туралы және жазба жұмыстары жөнінде есебін берді.Қосымша білім беру аясында үйірме жұмысының есебі
ӘБ «Зерде» пән апталығының жоспарын жасау, бекітуге ұсынылды
Пән бірлестігінің оқу-тәрбие жұмысындағы алға қойған проблемасы –әртүрлі адами іс-әрекеттер саласында кездесетін кең ауқымды өмірлік есептерді шешу үшін білім мен біліктерді пайдалану дағдыларын кеңейту, ақпараттық сауаттылық деңгейін көтеру.
11-сынып оқушыларын ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын математика пәнінен Актанова Ұ.И, Шалимбаева Т.Ш жүргізді.
Математика пәнінің мұғалімі Т.Ш. Шалимбаеваның атқарылған жұмыстарының нәтижелері:
18.09.2024жылы «Жетісу облысы ББ Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Кішішыған орта мектебі» КММ-де «Тіл – достықтың айғағы» атты Қазақстан Халықтарының Тілдер онкүндігінде математика пәні мұғалімі Т.Ш. Шалимбаева 6- сыныптар арасында «Жүйрік болсаң озып көр...» математикалық сайыс сабағын оқушылардың ой-танымын арттыру, пікір ұстанымын қалыптастыру. пәнге қызығушылығын, оқуға ынтасын арттыру, математика пәнінен алған білімдерін тереңдету, функционалдық білімдерін арттыру өз ойларын және пікірлерін ашық білдіруге тәрбиелеу мақсатында өткізді.
Ютуб каналыма http://www.youtube.com/@tolkynshalimbaeva9127
және мектептің фейзбугына https://www.facebook.com/share/v/a9dupdHUJNrgEAA3/?mibextid=WC7FNe жарияланды.
2024-2025 оқу жылында «Зерде» пән бірлестігінің апталығында математика пәнінің мұғалімі Шалимбаева Толқын Зерде пән бірлестігі өткізген пән апталығында 21.11.24ж 6 «Б» сыныбында «Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану» тақырыбында үлгі сабақ өтті. Мақсаты: 6.1.2.22 Рационал сандармен арифметикалық амалдарды орындау.
Сабақта оқушылар: -Рационал сандарды қосуды меңгереді; - Рационал сандарды азайтуды меңгереді;- Рационал сандармен арифметикалық амалдарды орындайды;Сабақта сыныптағы әр оқушыларға сабақ барысында берілетін тапсырмалардың қалыптастырушы бағалау парағы беріліп отырды. Оқушыларға «ZipGrede» әдісімен тест тапсырмалары берілді. «Миға шабуыл» стратегиясы, «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі қолданылды.
Математика пәнінің мұғалімі У.И.Актанованың атқарылған жұмыстарының нәтижелері:
8«Ә» сыныбымен 21.11.2024жылы «Пифагор теоремасы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Пифагор теоремасын біледі;Пифагор теоремасын дәлелдейді;Пифагор теоремасын қолданып есептер шығарады.
Математика пәнінің мұғалімі Ә.М. Дүйсенқожаның атқарылған жұмыстарының нәтижелері:
Аудандық «математикалық регата» аудан математика мұғалімдері арасында өткен олимпиадасында 2 орынды иеленді. 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында құрмет грамотасымен марапатталды.
2024-2025 оқу жылында «Зерде» пән бірлестігінің апталығында математика пәнінің мұғалімі Дүйсенқожа Әсел 20.11.2024ж қосындысы тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің формуласы мен қасиеттерін білу.
Математика пәнінің мұғалімі А.Байгалийдың атқарылған жұмыстардың нәтижелері:
Қазақстанның ауыл мектептерінің 8-сынып оқушыларын ағымдағы оқу жылы IQanat олимпиадасына 8 «Ә» сынып оқушылары: Жақсылық Абай, Исламғазы Айзере,Нұрдәулет Қарақат,Тәлімжанов Санжар, Тұрғанғазы Нұрай .Тұрсынғалиұлы Бекнұр тіркелді. 31.10.2024 қазанның Үлкеншыған орта мектебінде өтіледі.5-6сынып арасынан мектепшілік “Алтын сақа ”олимпиадасы өтілді.Жамыхан Алина,Әуелхан Жания ауданға өтті .08.11. аудандық олимпиада болады.
Жас мамандар семинарға барып 07.01.2025ж.Семинар жас мамандар арасында жарыс түрінде болды 1дәрежелі диплом алдық командамен.
2024-2025 оқу жылында «Зерде» пән бірлестігінің апталығында математика пәнінің мұғалімі Байғалий Амангуль 5 сыныпқа «Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Аралас сандарды қоса алады және азайта алады. Натурал саннан аралас сандарды азайта алады;
2024-2025 оқу жылындығы химия, биология, география пәні бойынша білім сапасын көтеру жөніндегі аналитикалық талдау
- Оқу бағдарламасының орындалуы
Теория мен практиканың арақатынасы сақталған.
Тәжірибелік жұмыстар мен зертханалық жұмыстар жүйелі өтті.
Биологиялық зерттеулер мен тәжірибелер орындалды.
Географияның картамен жұмыс істеу дағдылары дамытылды
2. Атқарылған жұмыс түрлері:
-Ашық сабақтар, пән апталықтары, сайыстар ұйымдастырылды;
-Дарынды оқушылармен жекелеген жұмыстар жүргізілді
-ҰБТ, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларына бағытталған дайындықтар жасалды;
-Оқу сауаттылығын дамыту мақсатында PISA, форматындағы тапсырмалар қолданылды.
3. Мұғалімдердің кәсіби дамуы
Мұғалімдер түрлі деңгейдегі курстар мен вебинарларға қатысты;
Оқу бағдарламасы бойынша апталық кезінде әдістемелік семинарлар өтті.Оқытуда заманауи әдістер қолданылдыБЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша сараптама жасалды.Дарынды оқушылармен, артта қалған оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді.Интерактивті әдістер (Padlet, Quizlet, Google Classroom) қолданылды. Google Earth, ArcGIS сияқты цифрлық құралдар қолданылдыҚашықтықтан оқыту жағдайында бейне сабақтар мен вебинарлар ұйымдастырылды.
Әдістемелік кеңестерде, оқыту семинарларында оқушылардың білім сапасын көтеру бойынша келесі мәселелер қаралды : «Мектепте цифрлық сауаттылықты дамыту» , «Lesson Study» тәсілі арқылы білім сапасын арттыру жолдары», «Информатика сабағында формативті бағалау жұмысының жүргізілуі» , «Жаңа технологиялар негізінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, «Тәлімгерлердің жас мамандармен жүргізген жұмыстарын талдау» «Цифрлық ұстаз» жобасы бойынша мониторинг жұмыстарымен таныстыру, «Орыс тілі сабақтарындағы тиімді кері байланыс – мұғалім жетістігі» , «Тарих сабақтарында оқушылардың зерттеушілік, ізденушілікке бағытталаған тапсырмалардың сабақтағы көрінісі» , «Бастауыш сыныптарда дыбыс үндестіктерін оқытудағы қиындықтар және оларды шешу жолдары» , «География сабағында PISA тапсырмаларын орындау» ,«БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын әзірлеуде сараптама жасай алудың тиімділігі» тақырыптарында зерттеуші және сарапшы санатындағы мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен бөліскен.
Сондай-ақ , әдістемелік кеңесте әр пәннің сапасы анықталып, олқылықтардың орнын толтыру барысында жұмыстар атқарылды. Мысалы: Қазақстан тарихы пәнінен қиындық туғызған тақырыптар анықталып, пән мұғалімі сапаны көтеруде жеке оқушылармен жұмыс жасап, нәтижесінде оқушысы облыстық олимпиадада жүлделі орын алды.
- Мұғалімдерінің аттестациядан өту кестесі, жылдық және кешенді жоспары жасалынғандығы анықталды. Мектепте 71 мұғалім бар, олардың 8-і педагог-зерттеуші, 21-і педагог-сарапшы, 24-і педагог-модератор, 18-і педагог.
- Мұғалімдердің білімін жетілдірудің кешенді жоспары, бірлестік мұғалімдерінің өз білімін жетілдіруі жинақталған, жүйеленген. Мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарында жүйелі түрде оқытылуы, олардың семинарларға, ғылыми-теориалық және әдістемелік конференциялар, педагогикалық оқуларға қатысуы өз бетінше білім алуы, шығармашылық есептер және бір–бірімен іс-тәжірибе алмасу педагогтардың кәсіби шеберлігін айтарлықтай көтеруге жағдай жасайды, бұл түп қорытындысында оқушыларды оқыту сапасына әсерін тигізетіндігі белгілі. Сол себепті педагогтардың кәсіби шеберлігін көтеру мақсатында семинарларға, ғылыми-теориалық және әдістемелік конференциялар, педагогикалық оқуларға қатысу керектігі ұсыныс ретінде айтылды.
- Бақылау жұмыстарын өткізу, әкімшілік тарапынан тоқсанда өткізілетін бақылау жұмыстарының және мұғалімдердің ашық сабақтарының кестесі; ағымдағы оқу жылының бастапқы бақылау жұмыстары алынған, талдауы толық жасалынғандығы анықталды. Ашық сабақтар кестесі көрсетілген.
- Сауалнама, сабақтарды талдау бойынша ағымдағы оқу жылының басымдықтарын анықтау бағытында сауалнама, талдау жұмыстары жүргізілген. Өзара сабаққа қатысу журналдары бар екендігі анықталды.
- Жас маман мен тәлімгерлік жұмыстар бойынша жұмыс жоспары, жылдық жұмыс жоспарлары жасалынған, бекітілген.
- Пән апталығын (онкүндік, айлығы) өткізу жоспары, әдістемелік материалдары жасалынған, қағаз нұсқада көрсетілген.
- Озат тәжірибелі мұғалімдерді анықтау және олардың тәжірибесін зерттеу, жинақтау және таратуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жасалынғандығы анықталды.
Ұсыныстар:
- Барлық пән бойынша интерактивті және сандық ресурстарды арттыру.
- Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жүйелеу.
- Зертханалық және тәжірибелік жұмыстардың үлесін көбейту.
- Пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру курстарына қатысуын қамтамасыз ету.
- Білім сапасы бойнша төмен көрсеткен сыныптармен жүйелі жұмыс жүргізіп, мектепішілік бақылауға қою.
- Оқушыға сапалы, тиянақты білім беріп, білімді тексерудің сан алуан түрлерін қолдана отырып білім сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізу.